РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 июля 2020 | 11:36

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды - вице-министр

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: : pixabay.com Көрнекі сурет: : pixabay.com

Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, 59 түрлі дәрі-дәрмекті алу үшін 138,8 миллион теңге жұмсалған. Бұл дәрілер аймақтарға жіберілген.

"Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін 55 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. Жалпы сомасы 138,8 миллион теңге болды. Бұл препараттар барлық аймаққа жөнелтілді. Жөнелту сомасы 128 миллионнан астам теңге болды. Медициналық ұйымдарда лопионовир-витоновир және гидроксихлорохин бар. Сондай-ақ ремдесивир препаратын сатып алу рәсімдері аяқталды, жақын арада стационарларға жеткізіледі. Себебі бұл препарат коронавирус инфекциясының ауыр формаларын емдеу үшін керек. Біз жаңадан енгізген фавипиравир препаратын бірыңғай дистрюбитер сатып алады. Оны алу үшін Ресей Федерациясының және өзімізде шығаруға дайын отандық өндірушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, әлі де дәрілік заттарды бөлшек сату желісінде проблемалар бар.

"Апта бұрын дене қызуын түсіретін препараттар және кейбір антиретровирустық препараттың жетіспеушілігіне байланысты дүрбелең болды. Біз нарыққа дәріні тезірек жеткізу үшін дистрюбиторлар және бөлшек сату желісімен жұмыс атқардық. Мұндай жағдай эпидемияның басында да болғаны естеріңізде шығар. Тұрғындар жаппай маска сатып алған кезде болды. Антибиотиктерді сатылымға шығарған отандық өндірушілермен жұмыс істедік", - деді Бюрабекова.

Еске салайық, енді Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен симптомсыз науқастар деп бөлінбейді. Елімізде өткен тәулікте 1 604 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 41 055-ке жетті. 188 науқас қайтыс болды. 13 558 адам аурудан айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети