Қазіргі уақытта 302 науқастың ішінде 8 адамның жағдайы нашар. 244 науқас жеңіл жағдайда жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Хабар24 телеарнасында онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 14 жасқа дейін екі бала бар.
Жалпы 302 науқастың арасында екі 14 жасқа дейінгі бала бар. 79 адам - басқа мемлекеттен келіп ауырған азаматтар, 97 науқас басқа аурулармен қарым-қатынаста болғандар және 131 науқас осы елде ауырған, себебі белгісіз науқастар. Осы ақпараттың негізінде біз елімізде карантин шараларын күшейту үшін ұсыныстар беріп, мемлекеттік комиссия шешім қабылдап, барлық өңірде карантин шараларын күшейту бойынша тапсырма берді, - деді Біртанов.
Сонымен қатар, қазір 8 науқастың жағдайы нашар, төртеуі жасанды вентиляцияда жатыр екен.
"Науқастардың арасында 8-інің жаңдайы нашар деп саналады. Төртеуі жасанды вентиляцияда. Жағдайларын біздің республикалық бас мамандар күнделікті талқылап, бақылауына алған. Сонымен қатар, орташа жағдайда 30 науқас, ал 244 науқас жеңіл жағдайда немесе симптомсыз науқастар", - деді министр.
30 наурыздағы сағат 18.50-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 302-ге жетті. 21 адам емделіп шықты, 1 адам қайтыс болды.