РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 сентября 2021 | 14:54

Қазақстанда қорғану үшін қандай қару алып жүруге болады?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстандық "Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығының атқарушы директоры Сергей Катнов Tengrinews.kz тілшісіне елімізде кім және қалай қару сатып ала алатынын және қандай қаруға рұқсат керегі жоғын айтып берді.


Қазақстандық "Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығының атқарушы директоры Сергей Катнов Tengrinews.kz тілшісіне елімізде кім және қалай қару сатып ала алатынын және қандай қаруға рұқсат керегі жоғын айтып берді.

Елімізде 18 жасқа толған қазақстандық тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденуге рұқсат алғаннан кейін азаматтық қару сатып алуға құқығы бар. Бұл "Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республика заңының 15-бабында жазылған.  

Ал 16 жасқа толған тұрғын лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденуге, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқылы.

Катновтың айтуынша, Қазақстанда қарудың 3 санатын сатып алуға болады. Олар - аңшылық, спорттық және өзін-өзі қорғау жарақтары. Олардың көбін полиция беретін рұқсат қағаздар бойынша сатып алуға болады. 

Олардың ішінде, азаматтық атыс қаруы, газ тапаншалары мен револьверлер, электр қарулар ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша ғана сатылады. 

"Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрмелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қару тіркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасының азаматтары рұқсат алмай-ақ оларды қару жеткізіп берушілерден - заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқылы", - делінген Еgov сайтында.

© Тұрар Қазанғапов 

Тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды аңшы куәлігі бар Қазақстан азаматтары ала алады. Ал тегіс әрі ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген адам ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемдене алады. 

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар "электрондық үкімет" порталы арқылы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және тасымалдауға рұқсат сұрай алады.

Әр адам қару алғаннан кейін бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

Өзіңді қорғау үшін қандай қаруды алып жүруге болады?

"Газды қару мен электршок құрылғыларын алып жүруге болады, үйді қорғау үшін тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын қолдануға рұқсат етіледі, алайда оны көшеге алып шығуға болмайды", - дейді Сергей Катнов.

Сонымен қатар, ішкі істер органдары қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын, аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) тіркеу кезінде оны сақтау мен алып жүруге бес жыл мерзiмге рұқсат береді, оны кейін ұзартуға болады.    

© bigpicture.ru

Бір қазақстандық үйінде қанша дана қару ұстай алады? 

"Аңшылық атыс қаруы болса, ойық ұңғылы - екі данадан, тегіс ұңғылы - екі данадан. Ал спорттық қару, спортшының куәлігі болған жағдайда 5 данаға дейін алуға рұқсат", - дейді маман. 

Ал өзін-өзі қорғау қаруы болса, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару - екі данадан аспауы тиіс.

Алматыдағы 5 адамның өлімі
Қорамсақ" атқарушы директорының пікірі

Жақында Алматыдағы "Ақбұлақ" шағынауданында ер адам "Вепрь-308" аңшы қаруымен бес адамды атып өлтірді. Ол қаруды 2008 жылы сатып алып, кейін 2014 жылы жоғалтқанын мәлімдеген. Бірақ мылтық өзінде болғанын қазір көріп отырмыз. 

"Рұқсат етілген қару-жарақтың санын азайту туралы шешім шыққанда, біз осындайдың боларын білдік. Бұл туралы Парламентте де, БАҚ-тарда да айттық. Кей адамдар артық қаруын "жоғалтады да", ол заңсыз пайдалануға көшеді дедік. Өкінішке қарай, айтқанымыз келіп отыр.

Қарудың бар-жоғын және оны сақтау ережелерін полиция қадағалайды, осы тұста олардың еңбегі зор екенін айтқым келеді, қазіргі жағдай, мысалы, 10 жыл бұрынғыдан жақсырақ. Ол кезде полиция тарапынан мұндай бақылау мүлде болған жоқ, қазір бақылау едәуір жақсарды", - дейді Сергей Катнов. 

Шынында да, біздің қару-жарақ туралы заң әлемдегі ең қаталдарының бірі, дейді ол.

"Біз кейбір шектеулер шамадан тыс қатаң деп те санаймыз, сондықтан аңшылық қарудың санын көбейтіп, "жеңіл" (қуаты 7,5 Дж-ге дейін) пневматиканы сатып алуды оңайлату керек деп санайыз", - дейді ол. 

"Қорамсақ" қазақстандық қару-жарақ қауымдастығының атқарушы директорының ойынша, бүгінде адамдар арасында қару қолдану жағдайлары жиілеген жоқ, тек бұқаралық ақпарат құралдары ол туралы көп жазып жүр, ал негізінен қару-жарақ қылмыстарының төмендеуі байқалады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети