08 ноября 2018 | 10:56

Қазақстанда қариялардың ажырасуы көбейген - Статистика

Елімізде соңғы бес жылда жасы алпыстан асқан 11732 қария ажырасқан. Олардың 7248-і ерлер де, 4484-і әйелдер. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің статистикалық мәліметтері.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде соңғы бес жылда жасы алпыстан асқан 11732 қария ажырасқан. Олардың 7248-і ерлер де, 4484-і әйелдер. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің статистикалық мәліметтері.

Толығырақ тоқталсақ, 2013-2017 жылдар аралығына жүргізілген зерттеуде жыл сайын ажырасу жағдайларының көбейіп келе жатқаны анықталған. Мәселен, 2013 жылы алпысты алқымдаған 2123 қария мұндай қадамға барса, 2014 жылы 2283, 2015 жылы 2301, 2016 жылы 2374, 2017 жылы 2651-і өмірлік серігімен қош айтысқан. 

Реклама
Реклама

Психолог Анаргүл Маулиқызының айтуынша, егде жаста ажырасу себептері көп жағдайда балалары үйленіп, тұрмыс кұрғаннан кейін әйелі мен ері екеуі ғана қалып, эмоционалды және физиологиялық жағынан түсініспей калуынан егде жаста осындай қадамға барады.

"Үнемі қарбалас өмірде балаларын өсіреді, балаларына жағдай жасауға көп уақыт бөледі де ерлі-зайыптылар бір-бірімен араласуға уақыттары қалмайды. Ал балаларын үйлендіргеннен кейін ерлі-зайыптыларда бос уақыты көбейіп, бір-бірімен тығыз карым-қатынаста болуға мүмкіндіктері молайып, менің осы күйеуім немесе әйелімнің мінезі нашар, енжар, агрессив, бұзық деген пікір калыптасып жатады", - дейді маман.

Сонымен қатар, психолог ерлі-зайыптылардың егде жаста көп уақыты бар болғандықтан бір-бірімен араласу қызықсыз болып жататынын тағы бір себеп ретінде атап отыр.

"Әйелінде күйеуі туралы, күйеуінде әйелі туралы ой туындайды және бір-бірімен араласу қызықсыз болып жатады және қалған өмірде тыныш өмір сүрейін деген ой басым болады. Және де көп жағдайда қартаюдан қорқыныш сезімі ұлғаяды, сол қорқынышты жеңу үшін өзінен жастау ерге немесе әйелге уйлену үшін ажырасады", - дейді ол.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Мұндай жасқа қарамастан, ажырасуға тағы бір себеп сексуалдық қажеттіліктің әйелінде немесе күйеуінде молырақ болуы екен.

"Сексуалды қанағаттанбау әсерінен де әйелі күйеуінен не болмаса ері әйеліне талап койып жатады, біреуі сол талабын орындамағандықтан жағдайдың арты ажырасуға әкеліп жатады, яғни егде жастағы ерлі-зайыптылардың біреуі сексуалды қатынасқа белсенді болса, біреуі белсенді емес, сол кезде өзара түсінбеушілік өрши түседі", - дейді Анаргүл Маулиқызы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram