26 августа 2020 | 18:10

Қазақстанда карантин тағы жеңілдетіледі. Күннің басты жаңалықтары

Елімізде карантин режимі тағы да жеңілдейтіні хабарланды. Сондай-ақ, бүгін Түркістан облысында 21 жолаушы бар автобус апатқа ұшырағаны белгілі болды. Ал Алматыдағы блокбекетте жол апатын жасап, екі полицейдің өліміне кінәлі күдіктіге қатысты тергеу аяқталды. Tengrinews.kz тілшісі 26 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде карантин режимі тағы да жеңілдейтіні хабарланды. Сондай-ақ, бүгін Түркістан облысында 21 жолаушы бар автобус апатқа ұшырағаны белгілі болды. Ал Алматыдағы блокбекетте жол апатын жасап, екі полицейдің өліміне кінәлі күдіктіге қатысты тергеу аяқталды. Tengrinews.kz тілшісі 26 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырғандарға қатысты мәлімет

Реклама
Реклама

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 173 адам анықталды. Оның ішінде 75 науқаста клиникалық белгілер жоқ.

Өңірлер бөлінісінде (жалпы / асимптоматикалық)
Нұр-сұлтан қаласы - 16 / 3
Алматы қаласы - 21 / 6
Шымкент қаласы - 2 / 0
Ақмола облысы - 7 / 4
Ақтөбе облысы - 4 / 0
Алматы облысы - 4 / 2
Атырау облысы - 17 / 16
Шығыс Қазақстан облысы - 27 / 8
Жамбыл облысы - 3 / 1
Батыс Қазақстан облысы - 11 / 6
Қарағанды облысы - 19 / 4
Қостанай облысы - 9 / 6
Қызылорда облысы - 1 / 1
Маңғыстау облысы - 5 / 5
Павлодар облысы - 6 / 4
Солтүстік Қазақстан облысы - 11 / 5
Түркістан облысы - 10 / 4.

Осылайша, елде коронавирус табылғандар саны 105 075-ке жетті. Оның 93 990-ы аурудан жазылса, 1544 науқас қайтыс болған.


Фото: Тұрар Қазанғапов

Ал 1 тамыздан бері есептелетін пневмония 23 543 адамнан табылған, 268 науқас көз жұмған.

Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

Қазақстанда 31 тамыздан бастап карантин тағы жеңілдетіледі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

Осылайша, биыл 31 тамыздан бастап кей нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады.

Дәлірек айтқанда, алдағы дйүсенбіден бастап бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері қызметін бастайды. Бірақ оларға нақты талаптар қойылған.


Фото: Тұрар Қазанғапов

Одан бөлек, діни нысандар да ашылды, бірақ онда жеке және ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді.

Сонымен қатар, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, барлық нысан тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі.

31 тамыздан бастап жұмыс істейтін нысандарды мына сілтемеден қарауға болады.

Блокбекеттегі апатты тергеу аяқталды

Сонымен қатар, бүгін Алматыдағы блокбекетте болған апатқа қатысты тергеу аяқталғаны хабарланды. 25 мамырда BMW көлігінің мас жүргізугісі Көксай шағын ауданындағы блокпостты бұзып, патрульдік көлікке соғылған. Көлік салонында екі полицей болған. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі астан Әбіқанов ауруханада көз жұмған еді.

Полиция өкілдері күдіктінің бұрын орган қызметкері болғанын, бірақ жұмыстан шығарылғанын хабарлаған еді.

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданының сотына екі полицейді қағып кеткен BMW жүргізушісі Азат Азаматовтың ісі түсті. Бұл туралы сот баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Самат Авганов мәлімдеді.

Бұл іс сот төрағасы Мәди Көшікбаевтың қарауында екені айтылды. Сот отырысы қашан өтетіні жақын арада белгілі болады. Іс онлайн режимінде қаралады.

21 жолаушысы бар автобус аударылды

Бүгін қазақстандықтар Түркістан облысында болған жол апатын талқылап жатыр. Түркістан облысында 21 адам отырған жолаушылар автобусы аударылып кетті.

Қазір полиция осы жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

"26 тамызда сағат 6.30 шамасында Түлкібас АІІБ кезекші бөліміне ауруханадан Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 649-шақырымында жолаушылар автобусының аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы болған жерге Түлкібас АІІБ жедел-тергеу тобы мен Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп, облыстық ТЖД қызметкерлері де келді. Полиция қызметкерлері мен ТЖ қызметкерлері жолаушыларға аударылған автобустан шығуға көмектесті, оларға сол жерде психологиялық және басқа да қажетті қолдау көрсетті", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмаған.

Кейін Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Төлеген Құралбаев осы апаттан кейін 25 адам медициналық көмекке жүгінгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бәрінің жағдайы тұрақты.

Сәбиді арықтан құтқару сәтінің видеосы жарияланды

Соңғы уақытта қазақстандықтар қызу талқылап жатқан тақырып - Алматыдағы арықтан табылған сәби. Алматыда анасы баласын арыққа тастап кеткені кешеден бері жазылған.

Жаңа туған нәрестені Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықта күйде қалдырып кеткен. Куәгер оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақыған. Бала ауруханаға жеткізілген.

Кейін Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Видео krisp.almaty Instagram-паблигінде жарияланған. Оның кадрларынан бірнеше адамның түнгі уақытта сәби жылаған жаққа қарай бара жатқаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от САМЫЙ КРУПНЫЙ ПАБЛИК KZ?? (@krisp.almaty) 25 Авг 2020 в 8:46 PDT

"Арық жақтан баланың жылаған даусын естідік, орамал алып, түнделетін іздеуге шықтық", - дейді қолданушы.

Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауыр екенін, дене температурасы қалыпқа келгенін хабарлады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram