Қашықтан оқыту болашақта штат режимінде де қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.
Қашықтан оқыту болашақта штат режимінде де қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.
Қайрат Жұмановтың айтуынша, қашықтан оқыту жүйесі оқушылар мен мұғалімдерге көптеген жаңа мүмкіндікті игеруге көмектескен.
"Қашықтан оқыту кезеңінде оқушылар да, мұғалімдер де жаңа тәжірибенің толық бір қорын жинақтады. Балаларымыз кішкентай кезінен гаджеттерді қолданып, түрлі қосымшаларға кіре алады десек, қазіргі таңда түрлі жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын көреміз. Әрине, бастапқыда ұйымдастыруда мәселе көп болды, алайда бәрі жоспардағыдай жүзеге асты. Қашықтан білім беру жүйесінің бағдарламасы штат режимінде де қолданылады. Қазіргі таңда бұл норма заңда бекітілген", - деді Жұманов.
Сонымен қатар, маман қашықтан оқыту тәжірибесінің болашақта қандай мақсатта қолданылатынын айтты.
"Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты, әсіресе қыс мезгілінде сабақ болмай, балалар мектепке бара алмай қалып жатады. Қашықтан оқыту - сабақтарды үзуге жол бермеудің таптырмас жолы", - деді Қайрат Жұманов.
Айта кетейік, биыл 8 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойған еді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл ақпанда тілшімізге сұхбат беріп, қашықтан оқудың оң және теріс жақтарын айтқан болатын.
"Білім беру де әлеуметтену процесі болып табылады. Бұл кейбір әлеуметтік рөлдерді, мінез-құлық үлгілерін сіңіру процесі, бұл тактильді сезімдер, бұл да эмпатия. Бұл жай ақпарат таратудан әлдеқайда кең. Сонымен қатар, бар проблемаларды ескеру қажет: бұл құрылғылардың, Интернеттің қол жетімділігі, құзыреттілік мәселелері", - деген еді министр.
Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандық оқушылар өткен оқу жылының төртінші тоқсаны мен биылғы оқу жылын толық қашықтан оқыды.
Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді?