РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 июля 2021 | 16:37

Қазақстанда қанша вакцина қалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанда қанша вакцина қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанда қанша вакцина қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың сөзінше, бүгінде вакцинаның бірінші дозасынан 582 141 екпе қалған. 

"Екінші компоненттен 1 194 000 қалды. Бүгінде бірінші компонент бойынша айтар болсақ, 20 мыңдай CoronaVac бар. Ол барлық аймақта, әртүрлі мөлшерде бар. Вакцинаның бұл түрі Маңғыстау облысында көп, бірақ Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоқ. 561 мың "Спутник-V" қалды. Вакцина барлық өңірде бар. QazVac-тың үш мың дозасы қалды. Ол төрт өңірде жоқ - Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Алматыда жоқ. Ал Sinofarm-ның 6 286 дозасы қалды", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Есмағамбетованың сөзінше, Sinofarm тек Маңғыстау облысында қалған. 

Айта кетейік, 2021 жылғы 22 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 054 970 адам, 2-компонентін 3 075 907 адам салдырды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети