РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 мая 2020 | 13:21

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатудың жазасын қатаңдату ұсынылды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: pexels.com фото: pexels.com

Елімізде 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі сатқандарға салынатын айыппұл 2 есеге өсіру ұсынылды. Бұл туралы депутат Зәуреш Аманжолова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елімізде 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі сатқандарға салынатын айыппұл 2 есеге өсіру ұсынылды. Бұл туралы депутат Зәуреш Аманжолова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасы талқыға салынды.

"Заң жобасы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Құжат осы жылдың 4 наурызында бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бірқатар ұсыныс пен толықтыру енгізді", - деді ол.

Осы орайда депутат заң жобасы аясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әкімшілік жауаптылықты күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілгенін атап өтті.

"Вакциналардың сапасын арттыру мақсатында вакциналарды сатып алу, тасу, сақтау қағидаларын бұзғаны үшін 100-ден (265 100 теңге) 1000 АЕК (2 651 000 теңге) көрсеткішке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұлдар белгіленеді. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне заңсыз араласқаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға 7-ден (18 557 теңге) 50-ге (132 550 теңге) дейін, лауазымды адамдарға 20-дан (53 2020 теңге) 75-ке (198 825 теңге) дейін, заңды тұлғаларға 75-тен (198 825 теңге) 105 АЕК (278 355 теңге) көрсеткішке дейін ұлғайтылды", - деді Аманжолова.

Сонымен қатар, ол 18 жасқа толмағандарға темекі сатқандарға қатысты жауапкершілік күшейетінін атап өтті.

"Кәмелет жасына толмағандарға темекі және темекі бұйымдарын сатқаны, темекі бұйымының маркасы бар тауарларды қасақана таратқаны, көрмеге қойғаны немесе сатқаны үшін әкімшілік айыппұлдар 2 есеге өсті. Ал темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі заңнама талаптарын бұзып, оларды белгіленбеген орындарда тұтынуға салынған тыйымды бұзғаны, заңсыз жарнамалағаны үшін әкімшілік айыппұлдардың мөлшері 30-дан 50 пайызға дейін өсті", - деді депутат.

Оның айтуынша, заң аясында автомобиль, көлік құралдарында балалар болған кезде онда темекі бұйымдарын тұтынғаны үшін 10-нан (26 510 теңге) 20 АЕК (53 020 теңге) көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделіп отыр.

Сондай-ақ, Аманжолова заң жобасын бірінші оқылымда қарау кезінде азаматтарды алғашқы медициналық көмек дағдыларын оқытуды көздейтін түзетулер бойынша талқылаулар жүргізілгенін жеткізді.

"Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін әскери дайындық сабағы кезінде, ал автомектептер үшін 16 сағат оқу бағдарламасын өту кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқытудың негізгі қағидаларын әзірлейтіні туралы шешім қабылданды. Бұл ретте азаматтарды алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқытуды жүзеге асыратын оқытушылар мен жаттықтырушылар алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде арнайы оқу курсынан өткені туралы сертификаттың болуы міндеттелді", - деді ол.

 Депутат тыныштық режимін сақтауға тоқталды.

"Қазақстан Конституциясының 14-бабы заң мен сот арасындағы жұрттың бәрі теңдігі туралы талаптарын сақтау мақсатында тыныштық режимін сақтау бойынша уақыт барлығы үшін бірдей болып белгіленді. Жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін", - деп түйіндеді сөзін Зәуреш Аманжолова.

 Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Айта кетейік, елімізде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға - 7 (18 557 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 15 (39 765 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 30 (79 530 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 80 (212 080 теңге) АЕК мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети