РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 февраля 2021 | 10:19

Қазақстанда халық санағы екі жолмен жүргізіледі

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2021 жылы халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірі онлайн, екіншісі дәстүрлі - үй-үйді аралау арқылы. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2021 жылы халық санағы екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірі онлайн, екіншісі дәстүрлі - үй-үйді аралау арқылы. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық санақ биыл жүргізіледі. 2021 жылы жүргізілетін ұлттық санақтың жаңашылдығы - заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процестерді автоматтандыру. Енді тұрғындар туралы деректерді жинау екі жолмен жүргізіледі. Бірінші жолы - sanaq.govkz сайтында интернет сауалнама жүргізу. Ол виртуал көмекші арқылы, қай жерде отырғанына қарамастан, өзі және отбасы жайлы санақ парағын толтыруға болады. Екінші - дәстүрлі аралау. Бұлар онлайн режимде санаққа қатыспаған азаматтарды санитарлық нормаларды сақтай отырып, аралау. Бұл шараларды қазанда өткізу жоспарланып отыр. Жаңашылдықтың ерекшілігі - үй-үйді аралағаннан кейін мәліметтер планшетке жүктеледі және жергілікті мектептерге беріледі. Мұндай санақ 1-30 қазан аралығында жүргізіледі", - деді Келімбетов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, 2020 жылдың 29 шілдесінде Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке халық санағын 2021 жылға ауыстыруды ұсынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети