Қазақстанда 2019-2020 жылдары сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша 4,5 мыңнан аса қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы екі жыл ішінде елімізде 4,5 мыңнан аса сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді. 2 000 аса адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың 1300-і сотталды", - деді Бектенов ОКҚ онлайн-брифингте.
Агенттік төрағасының орынбасары 2018 жылдан бері елімізде жемқорлық үшін сотталған 110 адам мерзімінен бұрын босатылғанын да атап өтті.
"2018 жылдан бастап елімізде 110 сотталған жемқор шартты түрде мерзімінен босатылған. Олардың 74-і ауыр, 14-і - аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталғандар", - деді Бектенов.
Айта кетейік, қазір елімізде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған азаматтар мерзімінен бұрын босатылмайтын заң қабылданып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!