РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
07 октября 2020 | 16:54

Қазақстанда екі бала Кавасаки синдромынан қайтыс болды - ДСМ

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстанда екі бала мультисистемалық қабыну синдромынан (Кавасаки синдромы - авт.) қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда екі бала мультисистемалық қабыну синдромынан (Кавасаки синдромы - авт.) қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мультисистемалық қабыну синдромы анылталған балаларға тоқталсам, бүгінгі таңда 45 жағдай тіркелген. Жас ерекшелігіне келсек, 2 бала 1 жасқа толмаған, 1-5 жас арылығында 11 бала, 5-17 жас аралығында 28 бала тіркелді. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі бала қайтыс болды. Ең көп жағдай елордада тіркеліп отыр - 11 бала. Ақмола, Қарағанды облыстары және Алматы қаласында 5 жағдай, ШҚО, Шымкент қаласында 3 жағдай, Ақтөбе, Атырауда тағы 2 жағдай, Алматы облысы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облысынтарында 1 жағдайдан анықталды. Қазір 38 бала жазылып шықты, біреуі стационарда әлі де емделіп жатыр", - деді Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингте.

Еске салайық, балалар арасында Кавасаки синдромы COVID-19 вирусын жұқтырып, жеңіл не симптомсыз ауырғаннан кейін 2-3 аптадан кейін пайда болады. Мамандар мұны инфекциядан кейінгі асқыну деп отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети