РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
03 апреля 2020 | 17:35

Қазақстанда діни мейрамдарды тойлауға тыйым салынады - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде діни мейрамдарды тойлауға тыйым салынады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде діни мейрамдарды тойлауға тыйым салынады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, сәуір айында қазақстандықтар үшін маңызды бірқатар маңызды діни мейрам бар.

"Олар - ораза, православ, католиктердің пасхасы, яһудейлік песах және тағы басқа. Сөзсіз олардың барлығы көптеген азаматқа үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сеніме зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіріп отыр. Сондықтан көптеген ел эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізіп жатыр. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі, бұл діни шаралар кезінде ғибадат орындарында туыстары және жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады", - деді ол онлайн-брифингте.

Осы орайда Дәурен Абаев діни мейрамдар кезінде карантин режимін бұзбау қажетін атап өтті.

"Қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандағы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этномәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарын түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестікке мерекелік діни рәсімдерді онлайн режимде өткізуге ұсынамыз", - деді министр.

Осыған дейін қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндіріп, олардың немен айналасытынын айтып берген. 

2 сәуірде Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 453-кежетті. 29 науқас айықты, 3 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзарды.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети