РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 февраля 2024 | 11:24

Қазақстанда дәрігерлер соққыға жығылса не талап ете алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жақында Қарағандыда ер адам жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан еді. Кейін ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдікті бірнеше күннен кейін ұсталды. Бұл жедел жәрдем қызметкерлері немесе дәрігерлерге жасалған жалғыз шабуыл емес. Осы тұста Massaget.kz тілшісі Қазақстанда дәрігерлердің қандай құқығы бар екенін білу үшін адвокат Албина Бахтиярқызының көмегіне жүгінді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Маманның айтуынша, еліміздегі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің мәртебесі және олардың құқықтары ҚР 2020 жылы 7 шiлдеде қабылданған Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 270-бабында қарастырылған.

Бап бойынша медицина саласының қызметкерлері:

  • тиісті жағдайлары жасалуына;
  • біліктілік деңгейіне сәйкес келетін еңбегіне ақы төленуіне;
  • еңбегінің ынталандырылуына;
  • кәсіптік бірлестіктер құруға және оларға қатысуға;
  • кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға;
  • өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге құқылы.

"Олардың ҚР Еңбек шартына сәйкес құқықтарының сақталуына, қорғалуына құқығы бар. Одан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге де құқықтары бар.

Бұл арнайы субъект - медицина қызметкерлерінің құқықтары. Сондай-ақ, ҚР өзге де заңнамаларында, ең алдымен, Конституцияда көзделген құқықтарға да ие", - деді адвокат.

Сонымен қатар, адвокат Альбина Бахтиярқызы егер науқас өзін емдейтін дәрігердің денсаулығына зиян келтіретін болса, онда келтірілген зиян дәрежесіне байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтың тиісті бабымен жазаланатынын ескертті.

"Ол - қасақана орта (107-бап) не ауыр дәрежедегі (106-бап) денсаулыққа зиян келтіру болуы мүмкін. Денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесін сот-медициналық сараптама анықтайды. Сәйкесінше, жауапқа тартылған адамнан емделуге кеткен материалдық шығынды және моральдық зиянды дәрігер талап етуге құқылы", - деді ол.

Оған қоса, адвокат дәрігер науқастың үстінен арыз жазуға толықтай құқылы екенін айтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети