РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 февраля 2021 | 12:47

Қазақстанда былтыр қылмыс жасағандардың 26,5 пайызы әйелдер

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда былтыр 2019 жылмен салыстырғанда әйелдер арасындағы қылмыс саны артқан. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда былтыр 2019 жылмен салыстырғанда әйелдер арасындағы қылмыс саны артқан. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылы Антикор қызметі 336 әйелге қатысты 264 істі қарады. 2019 жылы 328 әйелге қатысты 256 іс қаралды. Сонда былтыр қылмыс жасағандардың 26,5 пайызы әйелдер, 73,5 пайыз ер адамдар болды. 2019 жылы 25 пайызы әйелдер, 75 пайызы ер адамдар болған. Жалпы жауапқа тартылған әйелдердің ішінде 202 әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа байланысты болды. Ал қалған 134 әйелге қатысты коррупциялық емес қылмыс бойынша болды. 2020 жылы 228 әйелге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Коррупциялық қылмыс бойынша 141 әйел сотталды. Оның ішінде 47 әйел бас бостандығынан айырылды, 30 әйел бостандығынан шектелді, 64 әйел айыппұл төледі. 2019 жылы 27 әйел бас бостандығынан айырылған, 44 әйелдің бостандығы шектеліп, 46 әйел айыппұл төлеген", - деді Данияр Бекайдаров агенттіктің Facebook желісіндегі онлайн-брифингте. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети