РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 января 2020 | 17:49

Қазақстанда биылдан бастап қандай қылмыстардың жазасы қатаңдатылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы 30 желтоқсанда бірқатар заңға қол қойды. Бұл заңдар Президент тапсырмасын орындауға бағытталған. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін заңдарға шолу жасады.


Мемлекет басшысы 30 желтоқсанда бірқатар заңға қол қойды. Бұл заңдар Президент тапсырмасын орындауға бағытталған. Tengrinews.kz тілшісі 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін заңдарға шолу жасады.

Зорлау орташа ауырдан ауыр қылмыс санатына ауысады

30 желтоқсанда Мемлекет басшысы тапсырмасын орындауға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойылды. Заң зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және қорықшылар қызметі инспекторларының өміріне қол сұғу, мас күйде көлік жүргізу және басқа да ауыр қылмыстар бойынша жауапкершілікті қатаңдату туралы болды.

Жаңа заң бойынша, зорлау орташа ауырдан ауыр қылмыс қатарына ауыстырылады. Бұл бап бойынша тараптардың ымыраласуына жол берілмейді.

Енді балаларға қатысты жасалған зорлау қылмысы аса ауыр қылмыс деп танылады. 14 жасқа дейінгі балаларды зорлағандарға 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Балалардың мамандандырылған мекемелерінде тәрбиеленушілерге қатысты жыныстық зорлық жасалғанын жасырған қызметкерлер мен басшыларға қатысты жаза да қатаңдайды. Зорланған балалардың ата-анасы мен қамқоршылары жауапкершілікке қарастырылады.

Әлем елдері зорлық жасағандарды қалай жазалайды?

Жалпы елімізде зорлау ісі Қылмыстық кодекстің 120-123 баптары аралығында қарастырылған.

Мұның алдында зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау - 3-5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Ал адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы қылмысқа барса немесе қайталанған зорлық әрекеті болса - 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Сонымен қатар, жәбірленуші абайсызда қайтыс болып немесе денсаулығына ауыр зақым келсе - қылмыскер белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға айырыла отырып немесе онсыз, 10 жылдан 15 жылға дейін қамалады.

Зорлық әрекеті жас балаға жасалса, қылмыскерді белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 17 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Мас күйде көлік жүргізу - 10 жыл

Елімізде жыл сайын 30 мыңнан аса мас күйде көлік жүргізу деректері анықталып жатады екен. Мас күйде көлікке отырып, жол апатына себепкер болған жүргізушілердің әрекетінің салдарынан биылдың өзінде Қазақстанда 1000-нан аса адам жарақат алып, қаза тапқан.

Енді мас күйде көлік жүргізген қазақстандықтарды 10 жылға бас бостандығынан айырып, мүмкін.

"Мас күйінде ЖҚЕ бұзғаны үшін жаңа бап енгіземіз. Бұл татуласу мүмкіндігі болмайтын, ауыр қылмыс түріне жатады. Егер бүгінде мас күйінде көлік жүргізу құқығынан екі жылға дейін айыру және 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздесе, енді оларға бір жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 жылға дейін құқығынан айырылады.

10 жылға бас бостандығынан айыру - бұл азаматтың ЖКО-дан қайтыс болуы кезінде осы бап бойынша ең жоғарғы жаза. Олар жеті жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және өмір бойы құқығынан айырылуы мүмкін", - деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов ОҚК брифингінде.

Ахметжановтың айтуынша, егер азамат белгілі бір мерзімге құқықтарынан айырылса және оған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған болса, ол көлік жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылады.

"Мал ұрлығы" бабы енгізілмек

Былтыр 13 қаңтарда Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы Ақ қошқар тоғанының маңында броканьерлер табиғатты қорғау инспекторларына оқ жаудырып, қуып жеткен Ерлан Нұрғалиевті мылтықпен таяқтың астына алған. Қорықшы Петр Ницык жарақатынан жазылса, Ерлан Нұрғалиев екі күн ес-түссіз жатып, жан тапсырды.

Дәл осындай оқиға былтыр шілдеде болған еді. Алты киікті атып, салып ізін жасырмақ болған браконьер соңына түскен инспекторлардан "Нивамен" қашып бара жатып, оларға оқ атқан еді. Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Самат Оспанов ауыр жараланған. Екеуі де - "Охотзоопром" мекемесінің қызметкерлері.

Енді Қазақстанның Қылмыстық кодексіне "Мал ұрлығы" деген арнайы бап енгізілмек. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Парламент Сенатының отырысында мәлімдеген еді.

Марат Ахметжановтың сөзінше, бұл қылмыс үшін басқа ұрлық түрлеріне қарағанда енді жаза қатаң болмақ. Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, енді бұл заңда теріс қылық пен орташа ауыр қылмыс деген болмайды.

"Заң жобасында жай құрам бойынша - қомақты айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Егер адамдар топ болып, алдын ала сөз байланысу арқылы ірі көлемде қылмыс жасаса - 7 жылға дейін, бірнеше рет немесе мал қораға, қоймаға кіру арқылы жасалса - 10 жыл, аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып жасалса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр", - дейді Марат Ахметжанов.

Бұған дейін 19 желтоқсанда Марат Ахметжанов еліміздегі тұрғындардың 42 пайызы ауыл аймақтарында тұратындықтан олардың негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы екенін және енді мал ұрлығы ауыр қылмыс санатына жататынын хабарлаған.

Допингпен ұсталған спортшылардан сыйақыларын қайтару

2019 жылдың 10 айында 37 рет допингке қарсы ережелер бұзылған. 2013 жылдан бастап жұмыс істеу кезеңінде қазақстандық спортшылардың допингті қолдануының 307 оқиғасы анықталған. Ал жыл сайын Ұлттық допингке қарсы орталық 3000 биосынама алу жүргізеді.

Президент "ҚР Спорт және дене шынықтыру туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы" заң жобасын қабылдады. Заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған.

Қолданыстағы заңнамаға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда спортшыға допинг тағайындаған адамдарға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажеттілігі туындады, ол 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жазаны көздейді.

Сонымен қатар, допингті пайдаланғаны үшін Заң жобасында дисквалификация, спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктілік ұпайларын немесе балдарын алып тастау, ақшалай көтермелеуді қайтару, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді тоқтату, спортшыларға, жаттықтырушыларға және клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтуды тоқтату, спорттық атағынан айыру, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және жүлдегері тұрғын үйді пайдалану шартын бұзу, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамынан спортшыларды, жаттықтырушыларды шығару сынды жазалар қарастырылған.

"Заң жобасында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне 10 жыл мерзімге жалға беру үшін тұрғын үй беру, сондай-ақ допинг-тестілерді сақтау мерзімі 10 жыл болуына байланысты осы мерзімге аталған тұрғын үйді иеліктен шығаруға тыйым салу көзделген және егер осы кезеңде сынамаларда допинг анықталмаса, тұрғын үй спортшының меншігіне беріледі"

Бұл ретте, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері болған ҚР спортшысы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, допинг сынамасының нәтижесіне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) мұрагерлерінің тұрғын үйді өтеусіз алуы көзделген.

Есірткі жарнамасы

Елімізде есірткі заттарын сату және тарату бойынша жазаны күшейту жоспарланып отыр. Енді ғимараттарда есірткі заттарының жарнамасы көбеюіне қатысты арнайы жаза қарастырылмақ. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов сенаттың жалпы отырысында енді заңсыз есірткінің насихаты мен жарнаманың жазасы ауыр болатынын айтқан еді.

Айыппұл, түзету мен қоғамдық жұмыстар деген болмайды, тек бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Мерзімі - 6 жылға дейін.

Наркотики рекламировали на баннерах в центре Алматы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети