РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 мая 2021 | 12:32

Қазақстанда бала күтімі үшін төленетін жәрдемақыны көтеру ұсынылды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда бала күтімі үшін төленетін жәрдемақыны өсіру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Айжан Сқақова Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.


Қазақстанда бала күтімі үшін төленетін жәрдемақыны өсіру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Айжан Сқақова Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 1 миллион кедей бала бар.

"Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2,6 миллион кедей азамат, ал ЮНИСЕФ-тің мәліметтері бойынша, 1 миллионға жуық кедей бала бар. Егер ересектер өз жағдайларын жақсарту үшін бірдеңе істей алса, балалар істей алмайды. Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз. Елімізде жұмыс істемейтін әйелдерге ай сайынғы бала күтіміне жәрдемақы былай төленеді: бірінші балаға - 16 802 теңге, екіншісіне - 19 865 теңге, үшіншісіне - 22 898 теңге, төртінші және одан көп балаларға - 25 961 теңге. Бұл бір балаға күніне 560-865 теңге деген сөз, ал бір тұтқынның тамағына 1018 теңге жұмсалады. Жәрдемақының ішінде баланың анасына ақша жоқ", - деді Айжан Сқақова.

Сонымен қатар, Сқақова елдегі орташа айлық мөлшерінің растығына күмән келтірді.

"2021 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 230 829 теңге болды, дегенмен, біз білетін медиана әлдеқайда төмен. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана жұмыс істесе және отбасында үш бала болса, онда әрқайсына 46 мың теңгеден келеді, бұл өте аз", - деді депутат.

Бала күтіміне арналған жәрдемақыны 1,5-3 жасқа дейін беру ұсынылды

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети