РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 апреля 2020 | 10:16

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда азық-түлік бағасы көтерілген. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда азық-түлік бағасы көтерілген. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы наурызда инфляция - 6,4 пайызға тең болған.

"Осы жылдың наурызында жылдық инфляция 2020 жылға белгіленген 4,6 пайыз нысаналы дәлізден асып, 6,4 пайызға көтерілді. Инфляцияның негізгі үлесі - азық-түлік тауарларының қымбаттауы. Олардың өсуі - 9,3 пайыз. Мұнда динамика бір жағынан көкөністер бағасының науқандық өсуінен, екіншіден карантиннің енгізілуіне және сұраныстың туындауына байланысты", - деді ол.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев қант бағасының өскенін жеткізді.

"Осы жылдың наурызында басқа тауарларға қарағанда қант 8,5 пайызға, көкөністер мен жемістер 5,1 пайызға, қара бұрыш жармасы 2,5 пайызға қымбаттады. Осылайша, наурызда азық-түлік тауарларының айлық инфляциясы 2017 жылдан бергі барынша жоғары мәнге жетіп, 1,7 пайыз болды", - деді ұлттық банк төрағасы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети