РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 апреля 2020 | 09:42

Қазақстанда 59 бала коронавирус жұқтырған - министр

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, елімізде 1091 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

"Олардың ішінде Алматыда - 271, Нұр-Сұлтанда - 260, Қызылорда облысында - 119, Қарағанды облысында - 77, Ақмола облысында - 73, Атырау - 62, Жамбыл облысында - 46, Түркістан облысында –  44, Шымкент - 38, Солтүстік Қазақстан облысында - 26, Алматы облысында - 22, Ақтөбе облысында - 11, Маңғыстау облысында - 10, Павлодар облысында - 10, Батыс Қазақстан облысында - 11, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Қостанай облысында - 3,", - деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов 59 бала қауіпті індетті жұқтырғанын жеткізді.

"Балалардың арасында 59 науқас бар. Өткен тәулік бойынша 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі - 14,7 пайыз. Оның ішінде ең үлкен саны - Алматы қаласында (106), өсім деңгейі - 64 пайыз, Қарағанды облысында - 12, өсім деңгейі - 18 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, өсім деңгейі - 3,6 пайыз. Жалпы 14 адам қайтыс болды. Өткен тәулік бойынша 2 науқас көз жұмды", - деді ол.

Сондай-ақ, министр індеттен 138 науқас айыққанын атап өтті.

"Қазіргі таңда 939 науқас стационарлық емханада жатыр. Олардың 57-сі бала. Жағдайы тұрақты - 82 пайыз, 770 науқас жеңіл жағдайда. Орташа деңгейде - 151, 16 пайыз. Ауыр деңгейде - 18 науқас, 2 пайыз. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған 8 науқас бар. Жалпы реанимациядан 16 адам шықты. Соңғы тәулік ішінде 3 адам реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылды", - деп түйіндеді сөзін Біртанов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети