Қазақстанда 30 мың адам түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда 30 мың адам түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кейінгі 9 жылда түрмеде жазасын өтеушілердің саны 2 есе, яғни 57 мың адамнан 30 мыңға азайды. Түрмедегі жазасын өтеушілердің саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 100-орында тұр. Алайда осыдан 18 жыл бұрын еліміз Ресей, АҚШ-тан кейін үшінші орында еді", - дейді комитет төрағасы ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, Жанат Ешмағамбетов бүгінде еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде 82 мекеме барын атап өтті.
"Онда 30 мың адам жазасын өтеп жатыр. Яғни 66 колонияда түрлі режимде 25 мың адам жазасын өтеп жатыр. Ал 16 тергеу изоляторында 5 мыңнан аса адам қамауда отыр", - дейді басшы.
Сонымен қатар, комитет төрағасы алдағы уақытта бұл мекемелерде бейнебақылау камерасы орнатылатынын, 2014 жылдан бері Қазақстанда 12 мекеме жабылғанын айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!