РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 апреля 2020 | 15:20

Қазақстанда 1,5 миллион адам қарызын кейін төлеуге өтініш берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1,5 миллион қазақстандық қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтініш берген. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смоляковтің айтуынша, бүгінгі таңда 4,4 триллион теңге сомаға 5,3 миллионға жуық азаматтың банктік қарыздары және микрокредиттер бойынша берешегі бар.

"14 сәуірде жиынтығында 1,5 миллион қарыз алушы және 12,1 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтініш берді. 186,1 миллиард теңге сомасына 1 340 707 адам төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болды", - деді ол.

Агенттік төрағасы төлемдерді тоқтата тұру кезеңінде қарыз алушылар бойынша шағым-талап жұмысы тоқтатылатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети