06 апреля 2020 | 15:15

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде бір адам ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде бір адам ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

Реклама
Реклама

Бүгінде медициналық қызметкерлердің арасында 120 адам коронавирус індетін жұқтырған. Олардың ішінде 67 адам коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Олардың жағдайы туралы айтсам, біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайыз не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және сиптомсыз жатыр, - деді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 604 адамға жетті. Оның ішінде 45 адам сауықты, 6 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram