15 июля 2020 | 11:54

Қазақстан Тәжікстанға жасанды тыныс алдыру аппараттарын жеткізе ме? Вице-министр жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: Тengrinews.kz

Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру портатив аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру портатив аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бұл аппарат стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылады және аппарат Ақмола облысында жасалады.

Реклама
Реклама

"Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қатысты қоса кетейін. Қазір барлық ел бір-біріне көмектесіп жатыр. Біздің елге де басқа мемлекеттер көмектесіп жатыр. Сондықтан Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру портатив аппаратын жыл соңына қарай жеткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты науқастарды жедел жәрдем көлігімен тасымалдаған кезде пайдаланылатынын атап өту керек. Оларды Ақмола облысында орналасқан отандық өндірушілер шығарады", - деді вице ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында.

Бюрабекова ақмолалық өндірушілер өнім санын ұлғайтып, түрік компаниясымен бірлесіп, стационарда пайдаланатын өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын шығаруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

"Қазір бұл өндіріс орны өнім санын ұлғайтты. Өкпені жасанды тыныс алдыру портатив аппаратынан бөлек, қазір бізге өте қажет стационарда пайдаланылатын өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын жасауды жоспарлап отыр. Мұны түрік компаниясымен бірлесе шығармақ. Бұл өндіріс жақын уақытта жолға қойылады және жыл соңына дейін портатив және ауруханаларға науқастарды емдеуге қажетті стационар өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратының орнын толтырады", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Әлеуметтік желіде Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын жөнелтеді деген мәлімет шықты. Желі пайдаланушылары қазақстандықтар үшін бұл аппарат жетпей жатқанда, неге шетелге жібереді деген наразылық білдірген.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 63 514-ке жетті. 38 008 науқас дертінен айықты, 396 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram