РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
15 июля 2020 | 18:39

Қазақстан Тәжікстанға 100 жасанды тыныс алдыру аппаратын жібере ме? Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 1 759 адам қосылды. Одан бөлек, Қазақстанға 5600 жасанды тыныс алдыру аппараты қажет екені хабарланды. Сондай-ақ, Уханнан студенттерді тасымалдаған қазақстандық ұшқыш пневмониядан қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі 15 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.


Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 1 759 адам қосылды. Одан бөлек, Қазақстанға 5600 жасанды тыныс алдыру аппараты қажет екені хабарланды. Сондай-ақ, Уханнан студенттерді тасымалдаған қазақстандық ұшқыш пневмониядан қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі 15 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны артты

Қазақстанда өткен тәулікте 1759 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 844 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 250 / 103
Алматы қаласы - 229 / 43
Шымкент қаласы - 28 / 13
Ақмола облысы - 42 / 25
Ақтөбе облысы - 196 / 158
Алматы облысы - 82 / 65
Атырау облысы - 179 / 151
Шығыс Қазақстан облысы - 139 / 61
Жамбыл облысы - 79 / 42
Батыс Қазақстан облысы - 98 / 58
Қарағанды облысы - 98 / 35
Қостанай облысы - 45 / 21
Қызылорда облысы - 53 / 10
Маңғыстау облысы - 38 / 24
Павлодар облысы - 88 / 18
Солтүстік Қазақстан облысы - 75 / 2
Түркістан облысы - 40 / 15.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 63 514-ке жетті. Оның ішінде 38 002 адам аурудан айықса, 396 науқас қайтыс болған.


© Тұрар Қазанғапов 

Гуманитарлық көмек тасыған ұшқыш қайтыс болды

Коронавирус басталған кезде Уханнан қазақстандық студенттерді жеткізіп, гуманитарлық көмек тасымалдаған Болат Серікбаев қайтыс болды. Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы пневмониядан көз жұмған.

Ұшқыш соңғы уақыттары SCAT компаниясында жұмыс істеген. Boeing 757-767 экипажының командирі болған.


Болат Серікбаев

Ұшқыш қазақстандық студенттерді Уханнан алып келген болатын. Ол отандастарды үйіне әкелу үшін ауру жұқтыру деңгейі жоғары елдерге ұшқан. Ал шекаралар жабылған кезде, гуманитарлық көмек тасымалдаған.

Сонымен қатар, бүгін Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы мүшесі Владимир Фоос өмірден озды.

"2020 жылы 14 шілдеде Владимир Фоостың 70 жасында өмірден өткенін күйзеліспен қайғырып хабарлаймыз. Владимир Фоос Орталық сайлау комиссиясының жұмысына 20 жылдан астам ғұмырын арнай отырып, тәуелсіз Қазақстанның электоралды жүйесін қалыптастырудың бастауында болды", - делінген ОСК сайтында.


Фото: election.gov.kz

Қазақстанға қосымша 5600 жасанды тыныс алдыру аппараты қажет

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың айтуынша, Қазақстанға қосымша 5600 жасанды тыныс алдыру аппараты қажет.

"Бүгінде қажет жасанды тыныс алдыру аппараттарының саны қайта қарастырылды. Жедел медициналық көмек каретасын қосымша жабдықтау үшін бізге 680 портативті жасанды тыныс алдыру аппараты және 5000-ға жуық стационарлық аппарат қажет", - деді Бюрабекова ОҚК брифингінде.

Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен бірнеше аппарат сатып алуды жоспарлап отыр.

"Бұл реанимация мен қарқынды терапия палаталарын жарақтандыруға арналған сараптау классының жасанды тыныс алдыру аппараттары. Олар шын мәнінде шұғыл көмек көрсету үшін және ауыр науқастар үшін ұзақ уақыт қолданылады", - деп түсіндірді ол.

Тәжікстанға гуманитарлық көмек неге көрсетілді?

Сонымен бірге, бүгін Желіде жалпы құны 63 миллион теңге болатын 100 қазақстандық жасанды тыныс алдыру аппараты Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберілетіні туралы ақпарат қызу талқыға түскен.

Бұл ақпаратты денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова растады.

Вице-министрдің айтуынша, бұл аппарат стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылады және аппарат Ақмола облысында жасалады.


Фото РИА Новости©

Сонымен қатар, Бюрабекова елдегі ахуалға қарамастан, шет елге неге көмек көрсетіліп жатыр дегендерге жауап берді.

"Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қатысты қоса кетейін. Қазір барлық ел бір-біріне көмектесіп жатыр. Біздің елге де басқа мемлекеттер көмектесіп жатыр. Сондықтан Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру портатив аппаратын жыл соңына қарай жеткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты науқастарды жедел жәрдем көлігімен тасымалдаған кезде пайдаланылатынын атап өту керек. Оларды Ақмола облысында орналасқан отандық өндірушілер шығарады", - деді вице ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында.

Сәуле Қисықова қызметін ауыстырды

Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінен босатылды. Ақпаратты басқарманың баспасөз қызметі растады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қисықова басқа қызметке кетуіне байланысты босатылған. Енді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін орынбасары Әлия Рүстемова атқарады.

Кейін Қисықованың жаңа қызмет орны белгілі болды. Ол президент ісі басқармасы медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды. Ол бұл лауазымды ресми түрде 14 шілдеден бастап атқарады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети