26 июня 2020 | 12:42

Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алатыны айтылды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

ҚР ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 11 мамырдан бастап елімізде төтенше режимі тоқтағанын, алайда қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантин талаптары сақталып отырғанын еске салды.

Реклама
Реклама

"Ведомствоаралық комиссиясының хаттамасымен мемлекеттік шекараны өткізу тәртібі бекітілді. Тәртіп талабына санитарлық эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін шекарадан өтуге уақытша шектеулер қойылған", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ағаділов Қазақстан азаматтары ел аумағына кедергісіз қайтып келуіне, шетелдіктерге ел аумағынан шығуға рұқсат берілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты.

"Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, пойыз бригадаларына, жүк көліктерінің жүргізушілеріне және тағы басқа тұлғаларға қолданылмайды", - деді полковник. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram