РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 мая 2021 | 10:45

Қазақстан неге шетелдің қымбат вакциналарын сатып алып жатыр? Цойдың жауабы

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Сенат отырысында Қазақстан неге шетелдің қымбат вакциналарын сатып алып отырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Сенат отырысында Қазақстан неге шетелдің қымбат вакциналарын сатып алып отырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдың айтуынша, Қазақстанға дәл қазір халықты вакцинамен қамту бәрінен маңызды.

"Вакциналардың көрсетілген бағасын өндірушілердің өзі қойған. Біз үшін ең маңыздысы қысқа мерзім ішінде вакцинамен қамту, тұрғындардың таңдауы болатындай жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, жеткізу мен лимит бойынша тапшылық бар. Ал біздің ең басты мақсатымыз - қысқа уақыт ішінде халықты барынша вакцинамен қамту. Сондықтан бұл жұмыстар атқарылып, вакциналар жеткізіліп, иммундау жүйесінде қолданылып жатыр", - деді министр.

Цойдың айтуынша, вакцинаны шығаратын қазақстандық зауыттың өндірісінде бірқатар препарат бар.

"Ал елдегі зауытқа қатысты айтар болсақ, бұл вакцина алғаш рет шығарылады, сонымен қатар, ол жерде онкологиялық ауруларға қажетті биологиялық заттар өндіріледі, сондықтан жабу туралы мәселе жоқ. Вакцина кестесі бойынша елімізде 20 түрлі вакцина салынады және оның өндірісі бар, сондықтан отандық фарминдустрияны қолдау керек", - деді Алексей Цой.

Сенат депутаттары келтірген мәліметтерге сенсек, Қазақстан Hayat-Vax вакцинасының әр данасын - 62,2 долларға (26 645 теңге), "Спутник V" вакцинасын 26 долларға (11 138 теңге) сатып алып отыр, ал QazVac бағасы - 9,4 доллар (4 027 теңге).

Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети