РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 сентября 2020 | 11:55

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр - Цой

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстан барлық ел секілді коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін деп дайындалып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан барлық ел секілді коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін деп дайындалып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Еуропа елдерінде жаппай жұқтырғандар көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Италия, Испания, Германия, Түркия, Оңтүстік Кореяда. ТМД елдерінде жұқтырғандар саны Қазақстаннан бес есе көп, 0,5 пайыз болып отыр. Бұл жағдайға алаңдап отырмыз. Қазақстан барлық ел секілді коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін деп дайындалып жатыр. Бүгінде 71 126 төсек-орын дайындаймыз деп жоспарладық. Қазір 10 257 төсек-орын бар. Осы орындардың 15 пайызында қазір науқастар жатыр", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 584-ке жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети