Казақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне жұмсалатын қаражатты қысқартады. Бұл туралы бүгін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Казақстан 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне жұмсалатын қаражатты қысқартады. Бұл туралы бүгін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, көрмеге бөлінген қаржыны талқылауға арналған комиссия күні әзірге белгісіз.
"EXPO көрмесіне бөлінген қаражатты талқылау үшін комиссия күні әлі нақтыланған жоқ. Біз оған дайынбыз. Себебі бұл бір күннің жұмысы емес қой. EXPO-ға 2-3 жылдан бері дайындық жүргізіп келе жатырмыз. Былтыр да қаражат бөлінген.
Ұлттық экономика министрлігінде болған қаражат біздің министрлік құрылғаннан кейін бізге көшті. Сондықтан бірге талқылап, комиссияда шешім шығарылады. Әрине, тапсырма түскеннен кейін барлық тиімсіз қаражатты қысқартамыз. Бұл тек тиімсіз қаражат емес, бюджет шығындарын оңтайландыру жағынан да қарастыру", - дейді Бақыт Сұлтанов.
Еске салайық, былтыр 23 желтоқсанда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне 9 миллиард теңге жұмсайтынын мәлімдеген еді.
"Біздің павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, былтырлары бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінген. Бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін ол өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді", - деді министр.
Қазақстан Дубайдағы EXPO-ға не үшін 9 миллиард теңге жаратады?
Артынша ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстан Дубайдағы Expo көрмесіне жұмсалатын қаражатты қайта қаралуы мүмкін екенін хабарлады.
"Осы және басқа да мәселелерді біздің комиссия қарайтын болады: бұл бізге не береді, шығыны қандай, әсері қандай және елге қанша инвестиция тартылуы мүмкін. Егер комиссия бұл шығындардың ақталмайтынын дәлелдесе, онда дұрыс шешім шығарылады. Жалпы біз қаражаттың осыған не басқа форумға жұмсауды қарастырамыз", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Дубайдағы көрмеге қатысу үшін жұмсалатын қаражатты қайта қарау сұрағына жауап беру кезінде.