21 июня 2021 | 13:29

Қазақстан демографиялық шығынға тап болды - депутат

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова пандемия салдарынан елдің демографиялық ахуалы нашарлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова пандемия салдарынан елдің демографиялық ахуалы нашарлағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы депутат ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау саласындағы қаржыны игеру жетістіктеріне қарамастан, әлі де шешілмеген өзекті мәселелер бар. Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын көрсететін негізгі өлшем - күтілетін өмір сүру ұзақтығы, бұл бойынша әлемнің 189 елінің ішінде 89-орындамыз. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, біз елеулі демографиялық шығынға тап болып, 7-9 жылға шегініс жасадық. Туу көрсеткіші 3 пайызға өскенімен, табиғи өсім көрсеткіші 5 пайызға төмендеді. Жалпы өлім көрсеткіші 19 пайызға өсіп, 2012 жылдың деңгейіне, күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2014 жылдың көрсеткішіне дейін төмендеді", - деді Әлназарова.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, депутат пандемия халық денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етіп, саланың жүйелік сипаттағы кемшіліктерін көрсетіп бергенін де атап өтті.

"Пандемиямен күрестің ең ауыр алғашқы жылы өтті. Енді саланың өзекті мәселелерін шешетін, пациентке сапалы қызмет көрсетуге бағдарланған жүйені орнықтыратын уақыт жетті деп есептейміз", - деді депутат.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram