РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 апреля 2024 | 09:15

Қазақ әйелі ғарышқа қашан ұшады? Аэроғарыш комитетінің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: midjourney Фото: midjourney

Қазақ әйелі қашан ғарышқа аттанады? Елімізде мұндай жоспар көзделген бе? Жалпы, бұрын ұшқан ғарышкерлеріміз қандай жаңалықтар ашты? Ғарышқа кімдер ұша алады? Massaget.kz тілшісі Аэроғарыш комитетіне сауал жолдаған еді.


Қазақ әйелі қашан ғарышқа аттанады? Елімізде мұндай жоспар көзделген бе? Жалпы, бұрын ұшқан ғарышкерлеріміз қандай жаңалықтар ашты? Ғарышқа кімдер ұша алады? Massaget.kz тілшісі Аэроғарыш комитетіне сауал жолдаған еді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Осыған дейін қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998 және 2001 жылдар) және Айдын Айымбетовтың (2015) Халықаралық ғарыш станциясында ғарыштық зерттеулер мен тәжірибелер жасады. Жалпы алғанда бес бағдарламаны іске асырды.

"Ғарышкерлерді ұшыру арқылы жүзеге асырылған бағдарламалар республикада құрылып жатқан ғарыш саласының заманауи ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыруға шешуші үлес қосты. Оларды іске асыру нәтижесінде, Қазақстан Жерді ғарыштан зерттеудің теориялық негіздері саласында да, экономиканың әртүрлі салаларында ғарыштық бақылау технологияларын тәжірибеде қолдану жағынан да әлемнің жетекші елдерінің деңгейіне жетті. Бұл ретте, ғарышта өткізілген ғылыми тәжірибелердің нәтижелері Жер шарындағы экономикалық дамудың, адамзатқа қажетті түрлі игіліктерді жүзеге асырудың маңызды тетігі десек те болады", - деді комитет.

Қазақстанның келесі ғарышкері ғарышқа қашан ұшады?

Тағы да бір қазақстандықтың ғарышқа ұшуына келетін болсақ, ғарышкерді ұшырудың басты мақсаты – ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жүргізу, ғылымды дамыту.

"Яғни, ең алдымен ғарышта тәжірибелер өткізу үшін ғылыми бағдарлама болуы керек. Бұл маңызды ғылыми дайындық пен мұқият жоспарлауды қажет етеді. Ғарыштық ұшулар қауіпті және күрделі іс-шаралардың жиынтығы екенін ескеру маңызды. Ғылыми бағдарламаны әзірлеу кезінде біз ықтимал қауіптер мен ұшу мәселелерін талдауға және алдын алуға баса назар аударамыз.Қазіргі уақытта Қазақстанның жетекші ғылыми ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, Халықаралық ғарыш станциясында эксперименттердің алтыншы ғылыми бағдарламасын дайындалуда. Жұмыстардың күрделі әрі жан-жақты талдауды қажет ететінін ескеріп, қазақстандық ғарышкердің қай кезде ұшатынын нақты айту мүмкін емес. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда", - деп жауап берді Аэроғарыш комитеті өкілдері.

Ғашыркерлер қалай таңдалады?

Ғарышқа кандидаттарды іріктеу арнайы қағидаттармен іске асырылады. Бұл министрліктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №493 бұйрығымен бекітілген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети