Қазақстанда білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,9 пайызы вакцина салдырған. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,9 пайызы вакцина салдырған. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"9 тамыздағы жағдай бойынша білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,9 пайызы, ал басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Ал студенттердің вакцина салдыруына ынталандыру үшін университеттер арнайы іс-шараларды іске асырып жатыр - оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар ұйымдастыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру сияқты бастамалар кеңінен қолданылып жатыр", - деді Аймағамбетов.
Министрлік ұсынған статистикаға сүйенсек, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкентте педагогтердің 100 пайызы вакцина салдырған. Ал ең азы - Маңғыстау облысында, бұл өңірде педагогтердің 74,3 пайызы екпе алған.
Айта кетейік, 2021 жылғы 10 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 879 016 адам, 2-компонентін 4 505 662 адам салдырды.
Еске салайық, биыл жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді. Оқу жылы туралы ең маңызды сұрақтардың жауабын жазған едік.