РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 апреля 2020 | 11:33

Қай министрліктің қызметкерлері жемқорлықпен жиі ұсталатыны аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: tengrinews.kz Иллюстрация: tengrinews.kz

2020 жылдың бірінші тоқсанында қызметкерлері жемқорлықпен ұсталу көрсеткіші бойынша Ішкі істер министрлігі көш бастап тұр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жемқорлықпен ұсталғандардың саны тоғыз пайызға өсті. Олардың әр төртінші адамы - мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші жетекшісі. Жалпы, 417 адам жемқорлықпен ұсталды. Оның 11-і республикалық деңгейдегі басшылар, 37-і облыстық, 35-і қалалық және аудандық деңгейдегі басшы", - деді Жақсымбетов онлайн-брифингте.

Ал орталық республикалық органдар арасында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жемқорлықпен жиі ұсталған.

"Орталық республикалық органдардағы жемқорлыққа келер болсақ. Жемқорлықпен ұсталған адамдардың басым бөлігі, 57 пайызы - Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Бұл органның 70 қызметкері жемқорлықпен ұсталды. Сондай-ақ, "көшбасшылардың" арасында Экология министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бар", - деді агенттік қызметкері.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардан жемқорлықпен ұсталғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Қостанай облыстарының әкімдігінде жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети