РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 июля 2020 | 12:36

Қатардан келген гуманитарлық көмек сатылып жатыр ма? Вице-министрдің жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР СІМ Фото: ҚР СІМ

Әлеуметтік желілерде Қатар елінен келген гуманитарлық көмек ретінде келген препараттар дәріханаларда сатылып жатыр деген жазба жарияланды. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Қатар елінен келген гуманитарлық көмек ретінде келген препараттар дәріханаларда сатылып жатыр деген жазба жарияланды. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, Қатардан дәрі келмеген. Тек жеке қорғаныш құралдары гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген.

"Иә, Facebook әлеуметтік желісінде осындай жазба жарияланды. Онда Qatar Airlines деген жазуы бар қораптарды көргені жазылған және мұны Қазақстан Республикасына келген гуманитарлық көмек деп болжаған. Сол көмек сатылып жатыр деп ойлаған. Иә, негізінде Қатардан гуманитарлық көмек келді. Ол әзірше бірыңғай дистрибьютерде сақтаулы. Бізге жеке қорғаныш құралдары: костюмдер, көзәйнектер, маскалар, бахилдар келді. Дәрілік заттар келген жоқ. Заттарды таратуға біраз уақыт кетті. Себебі бұл өнімдердің сапасын растайтын құжат болмады. Сондықтан өнімді шығарған елге заттардың сапасын анықтау, растау үшін өтінім жолдадық. Қазір бәрі реттелді. Жақын арада бірыңғай дистрибьютер медициналық ұйымдарға таратады. Әзірше келген тауар қоймада тұр. Ешқайда шығарылған жоқ", - деп түсінік берді Бюрабекова ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Бұған дейін брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың неліктен Нұр-Сұлтанда емделіп жатқаны айтылған болатын.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 53 021-ке жетті. 35 137 науқас аурудан айықты, 280 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети