ПОДЕЛИТЬСЯ
31 марта 2020 | 21:35
Кәсіпкерлер 3 айға салықтан босатылады - Президент
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер 3 айға салықтан босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер 3 айға салықтан босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент республикалық телеарналардан таратылған эфирде айтты.
"Шұғыл шешім қабылданды. Менің тапсырмам бойынша үкімет 3 айға шағын және орта бизнес өкілдері үшін барлық салықтың түрін алуды тоқтатты. Яғни қазіргі таңда бұл салықты төлеудің қажеті жоқ. Бірақ кейін төлеуге туралы келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 340-қа жетті. 22 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
Показать комментарии
Читайте также