РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 августа 2020 | 12:53

Каспий теңізіндегі сирек кездесетін табиғат құбылысы. "Қазгидромет" өкілдері түсінік берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Telegram/Қазгидромет Фото: Telegram/Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК-нің баспасөз қызметі Каспий теңізіндегі құйынға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК-нің баспасөз қызметі Каспий теңізіндегі құйынға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен баспасөз қызметі Каспий теңізіндегі құйынның фотосын қайдан алғанын түсіндірді.

Фото: Скрин

"Каспий теңізіндегі құйынның фотосын Lada.kz басылымынан алдық. Оларға желі қолданушылары жіберуі мүмкін", - деді мекеменің баспасөз қызметкері Алина Исмагулова.

Ол Каспий теңізінде құйын соқпас бұрын мамандар Маңғыстау облысында ескерту жариялағанын атап өтті.

"Оған дейін 22-23 тамызда біздің мамандар Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. Онда жел күшейді. Біздің болжамымызға сәйкес, 22-23 тамызда Ақтауға іргелес ауданда жел тұрақты шығыс бағытқа қарай соқты. Желдің жылдамдығы 12 м/с дейін жетті. 23 тамызда оңтүстікте, Қазақ шығанағына жақын жерде, ашық акваторияда желдің жылдамдығы 23 м/с-ке дейін күшейді. Осылайша, біздің мамандар Каспий теңізінде құйын болғанын анықтады. Себебі, онда температура күрт өзгерді", - дейді маман.

Сондай-ақ, ол құйынға қатысты мәлімет Маңғыстау облысындағы метеостанциядан алынғанын жеткізді.

"Бұл өңірде "Қазгидрометтің" ғылыми зерттеу орталығы бар. Ондағы мамандар Каспий теңізін зерттейді. Біз күн сайын теңіздегі ауа райына байланысты жиналған мәліметті жариялап отырамыз. Каспий теңізінде 3 метеостанция бар. Құйынға қатысты ақпаратты осы метеостанциядан алып, оны өңдедік", - дейді ол.

Осы орайда Алина Исмагулова бұл өте сирек құбылыс екенін, соңғы рет Каспий теңізінде мұндай құйын 2011 жылы болғанын айтты.

Сонымен қатар, ол "Қазгидромет" мамандарының мәліметіне тоқталды.

"Су құйыны әдетте тропикалық жақтарда болады. Елімізде сирек кездеседі. Мұндай құйын болуы үшін екі жағдай керек. Теңіз суы жылы және бұлттағы ауа суық болуы тиіс. Температура күрт өзгергендіктен, атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарындағы қысым әртүрлі болады. Құйынның ортасында қысым төмен болады. Сондықтан ол суды теңіз бетіне көтеріп алады. Құйын ішінде желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін", - дейді Исмагулова.

Алина Исмагулова құйынды болжау неге оңай емес екенін түсіндірді.

"Біздің мамандар құйынды болжау оңай емес екенін айтады. Өйткені оның мониторингі станциялар желісінің визуалды бақылау жүйесіне негізделеді. Мұндай жолмен тек құйынның бағытын ғана анықтауға болады" - дейді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети