РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 июля 2019 | 20:00

Kaspi 10 миллионы кімге бұйырды? Биліктегі ауыс-түйістер және БАҚ өкілдеріне шабуыл

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 шілде Мемлекет басшысының жасаған ауыс-түйістерімен басталды. Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек демалысына шыққаны хабарланды. БАҚ өкілдеріне белгісіз әйелдер шабуылдады. Ал әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеннің Джеки Чанды таңғалдырған видеосы мен матч кезінде Криштиану Роналдуға жүгіріп шыққан қазақ баласы талқыланып жатыр. Тengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.


22 шілде Мемлекет басшысының жасаған ауыс-түйістерімен басталды. Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек демалысына шыққаны хабарланды. БАҚ өкілдеріне белгісіз әйелдер шабуылдады. Ал әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеннің Джеки Чанды таңғалдырған видеосы мен матч кезінде Криштиану Роналдуға жүгіріп шыққан қазақ баласы талқыланып жатыр. Тengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады.

Президенттің еңбек демалысы қарсаңындағы тағайындаулар

Бүгін Мемлекет басшысы бірнеше адамды жаңа қызметке тағайындады.

Тимур Сүлейменов енді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарады.
Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаратын болды.
Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы еңбек демалысына шықты

Тоқаев қысқамерзімді демалысқа шықты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Президент демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді", - деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

БАҚ өкілдеріне шабуыл

Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде әйелдер төбелес шығарды. Оқиға Халықаралық адам құқығы бюросының баспасөз залында болған. 

Бюро өкілі Андрей Гришиннің айтуынша, шамамен 20 шақты әйел шу шығарып, журналистермен алыса кеткен. 

Ашуға булыққа келіншектер кездесуді бастауға мұрша бермеді. Олар журналистер мен конференцияның басқа да қатысушыларына шабуыл жасап, смартфондарды, диктофондарды алып, аппаратураны бүлдіруге тырысты. Нәтижесінде бірнеше адам соққы алды.

Полиция келген уақытта төбелес шығарған әйелдер қашып кеткен. Шабуылдағандардың тек біреуін ұстаған.

Kaspi күдікті жайлы ақпарат ұсынған адамға 10 миллион теңге берді

Павлодар облысында алаяқтық жасады деп күдікке ілінген бұрынғы банк қызметкері Руслан Сексембаев ұсталды.

Сексембаев тергеу және жедел топтың әрекетімен 21 шілдеде Екібастұзда табылған. Ол кепілде тұрған жылжымайтын мүліктерді арзан бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Осылайша, ол тұрғындардың қаражатын өз қалтасына басып, жасырынған делінеді.

Күдіктіні ұстауға көмектескені үшін Kaspi Сексембаевтың қайда екенін айтқан азаматқа 10 миллион теңге берді. Бірақ қауіпсіздік шараларына байланысты оның кім екені айтылмады.

Өрт сөндіру қызметінің басшысы жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі және апат-құтқару жұмыстары басшысы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді.

"Азаматтық қорғау полковнигі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін жеке компания директорынан 1 200 доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасады", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді, оның кінәлілік дәрежесін сот шығарады.

"Түрікменстан президенті көз жұмды" деген ақпаратты кім таратты?

Сенбіде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қайтыс болды деген хабар тарап, жұртты елеңдетті. Алайда кейін ақпараттың жалған екені анықталды. Жалған ақпаратты таратқан ресейлік саясаттанушы Аслан Рубаев кешірім сұрады.

"Гурбангулы Бердімұхамедовтің қазасы жайлы мәліметтің жалған екеніне қуаныштымын. Президенттің жақындары мен туыстарынан, сондай-ақ, Түрікменстанның барлық азаматынан кешірім сұраймын. Бұған дейін ақпар берген дереккөздің өзі оны жоққа шығарды", - деп жазды саясаттанушы Facebook желісінде.

Иранда америкалық тыңшылар өлім жазасына кесіледі

Иран АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (Central Intelligence Agency) 17 тыңшысын әшкерелеп қамауға алды. Бұл туралы 22 шілдеде Fars агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, ел аумағында жұмыс істеп жүрген агенттерді Иранның Ақпарат және ұлттық қауіпсіздік министрлігі анықтаған. Оларға қатысты сот үкімдері шыққан және кейбіреулері сатқын ретінде өлім жазасына кесілетіні айтылады.

Press TV телеарнасының мәліметінше, тыңшыларды ұстау шаралары соңғы бір жылда жүргізілген. Соның нәтижесінде агентуралық желі бұзылған.

Матч кезінде Роналдуға жүгіріп шыққан қазақ бала

14 жастағы ақтаулық Ахмади Ержанов Сингапурда "Ювентус" пен "Тоттенхэм" матчы кезінде футбол алаңына жүгіріп шықты да, Криштиану Роналдумен суретке түсті. Жас фанаттың кумирімен суретке түсуіне әкесі көмектескен. Бұл баласының туған күніне жасаған сыйлығы екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Repost @b3naldo7 ・・・ Sarri:????️"I saw this kid in the middle of the pitch and I was afraid he would be taken away. He wanted to take a pic with Ronaldo so I brought him there. For me it's not an invasion, for me it's joy." ???????????????????????? . . Follow @cr7sjuve, i bet you'll be amazed, always ???? . . . . . . #halamadrid #realmadrid #barcelona #psg #juventus #cristianoronaldo #messi #neymar #rmliga #rmucl #rmcdr #rmcwc #football #footballmemes #footballnews #soccer #soccernews #soccermemes #bale #benzema #asensio #kroos #modric #casemiro #carvajal #varane #ramos #marcelo #navas #mbappe

Публикация от Cristiano Ronaldo ???? (@cr7sjuve)

Ахмади Роналдумен не туралы сөйлескенін айтты.

"Мен оның жанкүйері екенімді және Қазақстаннан келгенімді айттым. Ол еліміз туралы білемін деп жауап берді. Сондай-ақ ол маған сәттілік тілеп, су ұсынды", - деді Ахмади Ержанов.

Ахмадидің бұл әрекетінен кейін ол Сингапур полициясына жеткізілген. Бірақ қазақстандық бала ескертумен құтылды.

Димаш Құдайберген Джеки Чанды тәнті етті

Димаш Құдайберген Джеки Чанның фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсетті.

Қытайдың Да тон қаласында атақты актер Джеки Чанның экшн-фильмдері бесінші халықаралық апталығы басталды. Ашылу салтанатында музыкант Димаш құдайберген үш бірдей әнін айтты: The Crown, Screaming және Unforgettable Day.

Соңғы композициясын Димаш танымал тайван әншісі Терри Линмен бірге айтты. 

Видео Димаштың Instagram желісіндегі парақшасында да жария болды.

Таяуда Димаш Құдайбергеннің репетициясынан видео жарияланған еді. Оның кадрларынан Джеки Чанның қазақстандық әртістің өнеріне тәнті болғанын көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети