Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқып жатқан балаларға баға қоюға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқып жатқан балаларға баға қоюға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2016 жылы жаңартылған бағдарлама енгізіліп жатқанда басқа үндеулер болған. Күнделікті бағалаудың орнына жиынтық бағалау болды. ТЖБ және БЖБ арқылы қорытынды баға шығарылатын. Сол кезде "ата-аналар біз баланың күнделікті бағасын көре алмаймыз, бізге дәстүрлі бағалау форматын қайтарыңыздар" деді. Міне 4 жыл өтті. Қашықтан оқу болып жатыр. Төртінші тоқсанда ата-аналар тарапынан "баланың бағасын көре алмай отырмыз. Қай тақырыпқа келгенін және түсінгенін білмейміз. Бізге күнделікті бағалауды қайтарыңыздар" деген талап түсті.
Әдіскерлер, сарапшылар жаңа оқу жылына дайындалған кезде уақытша, қашықтан оқу форматында күнделікті бағалау жүйесін қайтарды. Бұл мұғалім күнделікті баға қояды деген сөз емес. Бұрынғы 5-ке дейін баға қойғандағыдай болады. 25 бала болса бәріне баға қоймайды. Қазір 2 миллионға жуық оқушы сабақ оқып жатса, 700 мыңға тарта баға қойылды. Қазір диагностика жасау және баламен кері байланыс формасы дәл осы қашықтан оқу кезінде керек деген ойдамын", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Сондай-ақ министр қашықтан оқып жатқан балалардың бағасы қаншалықты әділ қойылып жатқаны туралы айтты.
"Бұл - академиялық шыншылдық сұрақтары. Біз ТЖБ, БЖБ-ны негізге алғанда баланың күнделікті бағасын көргіміз келеді деді. Сондықтан қазір қашықтан оқуға бұл объектив бағалау болады. Бірақ кері қалып жатқан жағдайларды анықтау керек болса, қосымша нақты бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Сол себепті болашақта проблемалық сәттерді анықтай аламыз", - деді Асхат Аймағамбетов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!