РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 мая 2021 | 15:13

Қашықтан жұмыс істейтіндердің шығынын жұмыс берушіге төлету ұсынылды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Депутат Жанат Омарбекова Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндердің шығынын жұмыс беруші төлесін деген ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутат Жанат Омарбекова Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндердің шығынын жұмыс беруші төлесін деген ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, 2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы қызметкерлердің орта есеппен 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимін өзгерткен.

"Елде қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі пандемия кезеңіндегі еңбек саласындағы нақты процестер мен еңбек заңнамасы арасындағы алшақтықты көрсетті. Анықталған олқылықтарды ескере отырып, депутаттар бірқатар ұсыныс жасады. Олар: тараптардың келісуі бойынша қашықтан және қашықтан аралас жұмыс істеу ұғымдарын енгізу жөнінде. Аралас жұмыс істеу жұмыс кезеңдерін жұмыс беруші орналасқан жерде де, одан тыс жерде де кезектестіруге мүмкіндік береді", - деді депутат.

Омарбекованың айтуына қарағанда, қашықтан жұмыс істеуге ауысқан қызметкерлер тап болған өткір мәселелердің бірі - коммуникация құралдары, компьютерлер және басқа да құралдармен қамтамасыз ету.

"Осыған байланысты заң жобасында норма көзделді, оған сәйкес төтенше жағдайды енгізу, төтенше жағдайды жариялау және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету және шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Егер жұмыскер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланса, жұмыс беруші өтемақы төлей алады, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімдері тараптардың келісуі бойынша белгіленеді", - деп мәлімдеді Омарбекова.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы шарт жасасу құқығы бекітілген. Құпия ақпараттарды жұмыс орнына бару арқылы ғана қолдану мүмкін және жұмысты өзге қалада да істеуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети