Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында қасақана өрт қойылды деген нұсқа да қарастырылып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында қасақана өрт қойылды деген нұсқа да қарастырылып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жарылыс себебін жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қауіпсіздік талаптары да бұзылған болуы мүмкін, химиялық реакция болып, өзі жануы да мүмкін. Оқ-дәрілер сақталған қоймадағы өрт қасақана қойылған болуы мүмкін деген де нұсқа жоққа шығарылмайды", - деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
Тараз маңындағы алапат жарылыс: қазірге дейін не белгілі?
27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат шамамен 19.00-де қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.
Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.