10 апреля 2020 | 16:38

Қарттар үйінде жаппай коронавирус жұқтыру дерегі: оқиғаның мән-жайы

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазір Ақмола облысындағы қарттар үйінде тұратын 35 қария мен 1 қызметкерден коронавирус анықталған. Қалған байланыста болған адамдар дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір Ақмола облысындағы қарттар үйінде тұратын 35 қария мен 1 қызметкерден коронавирус анықталған. Қалған байланыста болған адамдар дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты.

Реклама
Реклама

"Ақмола облысының "Шапағат" арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Целиноград ауданының Аққайың ауылында орналасқан. 16 наурызда карантин жарияланған кезде орталықта 148 адам болған. Олардың орташа жасы 75-те. Қызмет көрсететін 74 адамның 51-і демалысқа және қашықтан жұмыс істеуге жіберілген. Өкінішке қарай, 2 сәуірде 1947 жылы туған және 6 сәуірде 1929 жылы туған қарт адамдар қайтыс болды. Екеуінде де, КВИ белгілері байқалмаған. Диагнозы қайтыс болғаннан кейін белгілі болды", - деді Ембергенова.

Департамент директорының айтуынша, қарттар үйінде тұратын барлық қарт пен қызметкерден ПЦР тесті алынған.

"Осы айтылған жағдайлардан кейін Ақмола облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті санитарлық-эпедимиологиялық тергеу жүргізді. Байланыс жасаған адамдар анықталды. Covid-19 анықтауға лабораториялық талдау жасалды. Барлық қызметкер мен байланыс жасағандардан анализ алынды. Сосын ПЦР диагностикасынан кейін 35 қарт пен бір қызметкерден коронавирус анықталды. Барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылды, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Бұдан басқа байланыс жасаған адамдарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр", - деді департамент директоры.

Еске салайық, кеше, 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан 10 дәрігер келді. Олар коронавируспен күрестегі тәжірибесін бөлісу үшін келген. Сондай-ақ, қытайлық дәрігерлер Қарағанды және Алматы қалаларына барады.

Қазір Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 802 науқас тіркелді. 63 адам сауықты, 9 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram