РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
25 февраля 2020 | 11:10

Қаржы министрлігі қай елдерге қомақты қаржы жиі аударылатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Лесбеков елімізден 27 триллион теңге шетелге аударылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Лесбеков елімізден 27 триллион теңге шетелге аударылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол елден шығарылған капиталдар бойынша қысқаша баяндама жасап, маңызды мәселеге назар аударды.

"Қазіргі таңда базамыздағы мәліметке сәйкес, бізге 1 миллион 643 мың 320 хабарлама түсті. Нәтижесінде жалпы сомасы 27 триллион теңге елден шығарылды. Бұл ақшаның 80 пайызы 5 елге: Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Швейцария, АҚШ-қа аударылған. Ал Ұлыбритания, Ресей бірінші орында тұр. Бұл мемлекеттерге 27 триллион теңгенің шамамен 10 триллион теңгесі аударылды", - деді Ғабит Лесбеков сенат комитетінің отырысында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети