Таяуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар шенеуніктердің делқұлылығы мен біліксіздігінен ада болатынын айтқан. Оның айтуынша, алғашқы қадам Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырумен байланысты екен. "Барлығын еститін мемлекетте әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі және шенеуніктер тарапынан ұстамдылық пен біліксіз көріністерден қорғалуы тиіс. Мұндай шенеуніктерден бас тартып, құтылып отырамыз", - деп сендірген Президент.
Таяуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар шенеуніктердің делқұлылығы мен біліксіздігінен ада болатынын айтқан. Оның айтуынша, алғашқы қадам Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастырумен байланысты екен. "Барлығын еститін мемлекетте әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі және шенеуніктер тарапынан ұстамдылық пен біліксіз көріністерден қорғалуы тиіс. Мұндай шенеуніктерден бас тартып, құтылып отырамыз", - деп сендірген Президент.
Ал шенеунік қандай болуы керек? Шенеуніктердің қызметі, жүріc-тұрысы толығымен "ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" заңда жазылған. Тengrinews.kz тілшісі аталған заңға сүйене отырып, қазақстандық шенеуніктің қандай болуы керегін топшылады.
Мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуы керек
Ең алдымен шенеунік Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті.
"Мемлекеттік қызметшілер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс", - деп жазылған заңда.
Заңда қазақстандық шенеуніктерге өзінің жеке мәселелерін шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау керегі айтылады.
Өз дінін насихаттамауы керек
Сонымен қатар, олардың өтірік айтуына, яғни, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуына тыйым салынған.
Заң бойынша, мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
"Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды", - деп жазылған заңнамада.
Қоғамдық орындарда мас күйде жүрмеуі керек
Шенеуніктерге тек жұмыс кезінде түрлі талаптар қойылмайды. Жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметкер заңда көрсетілген әдептерді ұстануы керек. Оның ішінде, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрмеуі керек деген талап бар.
"Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс", - деп жазылған заңда.
Сонымен қатар, ол қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымын пайдаланбауы керек.
Әдеп сақтамаса, қызметінен қағылады
"Мемлекеттік қызметшінің әдеп және мінез-құлық нормаларында" шенеуніктің бір оқиғасы мысалға келтірілген. Мысалда қала әкімі жұмыстан тыс уақытта жеке көлігімен адам көп жүретін көшелердің бірінде жол ережесін бұзып, жол патруль қызметкерінің тоқта деген талабын орындамағаны айтылады. Сондай-ақ ол медициналық тексеруден өтуден бас тартқан. Ол отбасылық шараға кешігіп бара жатқанын және жол ережесі мен патруль қызметкерлерін байқамай қалғанын айтып ақталған.
Нормада осы оқиғаға сараптама жасала отырып, шенеуніктерді қоғамның сынына әкелетін іс-әрекеттерге бармауға шақырады. Керісінше, өз әрекетімен басқаларға үлгі болуы керек екені жазылған.