ПОДЕЛИТЬСЯ
01 апреля 2020 | 17:14
Карантинді ұзарту туралы айтуға ерте - министр
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустың таралуы бойынша елдегі ахуалды Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустың таралуы бойынша елдегі ахуалды Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір карантинді ұзарту туралы айтуға ерте. Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Сондықтан барлық шара, жағдай күрделеніп кетсе де, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттың бәрі жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасына нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар, - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Бұған дейін Дәурен Абаев төтенше жағдай режимінде тұрғындарды алаңдатқан 7 сұраққа жауап берген болатын.
Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 62 жастағы ер адам қайтыс болды.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір елімізде 372 адамнан коронавирус індеті анықталды. 26 науқас жазылып шықты, 3 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также