РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 марта 2020 | 14:12

"Қаражат бар" - Президент экономикалық жағдай қалай түзелетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарамастан мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемесін орындайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарамастан мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемесін орындайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемесін орындайды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қор қалыптасты, қаражат бар", - деді президент.

Осы орайда мемлекет басшысы елімізде азық-түлік қоры жеткілікті екенін, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін ескертті.

"Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елімізде 9 адам коронавирус жұқтырған, екеуі - Нұр-Сұлтанда, жетеуі - Алматыда. Сондай-ақ, кеше мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети