РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
22 мая 2020 | 14:53

Қарағандыда қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтауы мүмкін

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров автобус жүргізушілері мен жолаушылар карантин режимін сақтамаса, қалада қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров автобус жүргізушілері мен жолаушылар карантин режимін сақтамаса, қалада қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдің бас санитар дәрігері қала тұрғындары мен қоғамдық көлік қызметкерлері карантин талабын қатаң сақтауы керегін ескертті.

"Қоғамдық көліктер жұмысын бастаған кезде автобус парктерінің басшылығымен түсіндіру жұмысын жүргіздік. Оларға халыққа қалай қызмет көрсету керегін түсіндірдік. Өкінішке қарай, бұл талаптар орындалған жоқ. Жолаушылар автобусқа маскасыз отырды. Қоғамдық көлік жұмысын аяқтаған соң онда дезинфекция жұмыстары жүргізілмеген. Автобуста қала тұрғындары арақашықтықты да сақтаған жоқ”, - деді Қанат Асқаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

 Осы жағдайдан кейін автобус паркінің басшылығына қайта ескерту жасалыпты.

"Егер бұл талап орындалмаса, қоғамдық көліктің жұмысын тоқтатамыз. Бұл тәртіпті бұзатындарға қатысты. Қазір күн сайын мониторинг жүргізіп отырмыз", - деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Қанат Асқаров қазіргі қаладағы жағдай тұрақталғанын жеткізді.

"Олар автобустарда дезинфекция жұмыстары жүргізіп жатыр. Маска тағу керегін айттық. Автобуста көп адам болмауы керек. Халық мұны дұрыс түсінуі қажет. Олар автобусқа кіргенде алдымен өздерінің қауіпсіздігін ойлауы керек", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өңірде коронавирусты жұқтыру өсімі 43,3 пайыз екенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети