РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 апреля 2020 | 13:43

Қарағандыда апатқа ұшыраған әскери ұшақ 29 жыл қолданыста болған

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tsn.ua Фото: tsn.ua

ҚР Қарулы күштері әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағандыда апатқа ұшыраған әскери ұшақ 29 жыл қолданыста болғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Қарулы күштері әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағандыда апатқа ұшыраған әскери ұшақ 29 жыл қолданыста болғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 16 сәуірінде кешкі сағат 19:03-те Қарағанды әуежайынан оңтүстікке қарай МиГ-31 ұшағы апатқа ұшыраған.

"Әуеде ұшақ қозғалтқышының бірі өртке оранған. Экипаж мүшелері ұшақ елді мекенге құламау үшін тиісті шараларды қолға алған. Олар азаматтарға қауіп төнбейтінін анық көзі жеткен соң, ұшу меңгерушісінің пәрменімен ұшақтан эвакуцияланды. Бортта 2 ұшқыш болған. Олардың дайындық деңгейі тапсырманы орындауға толық сәйкес келген", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Нұрлан Орманбетов апатқа ұшыраған ұшақты тәжірибелі ұшқыштар басқарғанын атап өтті.

"Ол - подполковник Арман Құрманғалиев.Ол әуеде шамамен 900 сағат ұшқан. Екінші ұшқыш - подполковник Иван Гаврилко. Ол әуеде шамамен 1000 сағат ұшқан", - деді әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы.

Сондай-ақ ол апат орнына "КазҚұтқару" әскери құтқару қызметінің тікұшағы мен Қазақстан әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметі жеткенін атап өтті.

"Оқиға орнында ұшқыштарға алғашқы медициналық көмек берілді. Кейін олар Қарағанды қаласындағы облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Қазіргі таңда ұшқыштарға тиісті медициналық көмек беріліп жатыр. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісі орташа ауыр халде", - деді Нұрлан Орманбетов.

Сонымен қатар, әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы қорғаныс министрі оқиғаны тергеу бойынша тиісті комиссияны құрғанын, ол әуе апатын тергеуге кіріскенін айтты.

"Апаттың себебі анықталғанша, МИГ-31 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды. Комиссия тиісті қорытындыны шығарып, профилактикалық шараларды жүргізген соң, МИГ-31 ұшақтарының әуеге көтерілуі қайта жанданады. Апаттың нақты себебін анықтау үшін ұшақты құрастырушы тараптың өкілдері мен апатқа ұшыраған ұшақтың күрделі жөндеуін жүргізген мамандар шақырылады", - деді Орманбетов.

Ол осы уақытқа дейін елімізде МиГ-31 ұшақтары апатқа ұшыраған деректер болғанын тілге тиек етті. Алайда Қарағандыда құлаған әскери ұшақта техникалық ақау болмапты.

"Ұшақта ақау болмаған. Оған тиісті техникалық қызмет көрсетілген. Әскери ұшақ әуеге көтерілмес бұрын мамандар тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Ал экипаж мүшелері дайындақтан ғана өтпейді. Оларды медиктер мен психологтар тексеріп, тиісті медициналық бақылаудан өткізеді. Әрбір ұшқыш мұндай тексерістен өтуге міндетті", - деді ол.

Осы орайда Нұрлан Орманбетов апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағы 29 жыл қолданыста болғанын атап өтті.

"МиГ-31 ұшағы 1991 жылдың наурызында Ресейдің Төменгі Новгородтағы "Сокол" авиация зауытында құрастырылды. 29 жыл қолданыста болған. Ұшақты 30 жыл пайдалануға болады. Яғни ұшақты пайдалану мерзімі ендігі жылы, яғни 2021 жылы бітеді. Ал 2013 жылдың 19 қарашасында бұл ұшақ күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары Ресейдің Ижевск қаласындағы №514 зауытында жүргізілді. Бұл жұмыстардан соң, ұшақ, 8 жыл қолданыста болатыны айтылды", - деді әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы.

Сөз соңында ол Қазақстан қарулы күштердің қолданысындағы техникаға жоспарлы түрде жөндеу жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұратынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды қаласы маңында әскери ұшақ құлағанын, ұшақта кімдер болғанын жазғанбыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети