22 мая 2020 | 14:05

Қарағанды облысында карантинді жеңілдете алмай отырмыз - өңірлік бас санитар

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырып ауырғандардың күн сайынғы өсімі - 43,3 пайыз. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырып ауырғандардың күн сайынғы өсімі - 43,3 пайыз. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров "Сарыарқа" телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте өңірдегі жалпы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

Реклама
Реклама

"Қарағанды облысында 20 наурыздан бастап 21 мамырға дейін коронавирус жұқтырған 455 адам анықталды. Үш адам қайтыс болды. 170 адам аурудан айықты. Бұл жалпы ауырғандардың санынан 39,4 пайыз", - деді Асқаров.

Маманның айтуынша, эпидемияға қарсы шаралар кезінде ауырғандармен байланыста болған 10 045 адам тіркелген. Оның ішінде 2 267 адам жақын қарым-қатынаста, 7 778 адам потенциал контакт жасаған. 

Қанат Асқаров карантин шараларын жеңілдетуге әлі себеп жоғын атап өтті. Себебі індет жұқтырып ауырғандардың өсімі нормадан - 7 пайыздан жоғары.

"Өткен тәулікте аурудың өсімі 7 пайыздан асты. Карантин шараларын жеңілдету үшін, яғни аймақта қандай да бір саланың қызметіне рұқсат беру үшін күнделікті өсім 7 пайыздан аспауы керек. Бірақ бүгінде бізде жалпы аурудың өсімі 43,3 пайыз болып отыр", - деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Еске салайық, еліміз бойынша қазір коронавирус жұқтырғандар саны 7 597 адамға жетті. 3843 адам аурудан айықты, 35 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram