РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 апреля 2019 | 13:04

Қандай жағдайларда банктер кредитті төмен мөлшерлемемен беруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер кредитті жеңілдікпен немесе төмен пайыздық мөлшерлемемен үш жағдайда бере алады. Бұл туралы бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


Қазақстанда екінші деңгейлі банктер кредитті жеңілдікпен немесе төмен пайыздық мөлшерлемемен үш жағдайда бере алады. Бұл туралы бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Маман несиелер жеңілдікпен берілуі мүмкін бірнеше жағдайды атап берді. 

"Әр банктің өз саясаты мен бағдарламасы болады. Сол саясат бойынша ғана олар несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендете алады. Мысалы, банк өзінің тұрақты клиентіне жеңілдікпен несие беруі мүмкін. Ол дегеніміз тіпті сол банктің картасын қолданушысы болсаңыз немесе дәл сол банкте белгілі бір сомада депозит сақтасаңыз (депозит сомасы әр банктің саясатына байланысты), ол банктің тұрақты клиенті екенін білдіреді. Банк қызметіне алғаш рет жүгінген клиентке қарағанда мұнда сіздің басымдықтарыңыз көбірек болады, яғни сізге қойылған талап-шарттар жеңілдетіледі", - дейді Нұрғалиева. 

Ал екінші жағдайда "жалақы жобасы" қызметін қолданатын клиенттерге де банк белгілі бір жеңілдіктерді қарастыруы мүмкін екен.

Еліміздегі банктердің сайтындағы мәліметтерге қарағанда, расында да жалақы карталарын ұстайтындар үшін белгілі бір пайыздық сомада жеңілдіктер немесе CashBack бойынша ұтымды ұсыныстар қарастырылады.

"Бүгінде барлық ұйым қызметкері "жалақы жобасы" қызметіне жүгінеді. Ол қызметкерлер мен банктегілер үшін қолайлы қызмет түрі. Банктегілер жалақы жобасына қосылған клиенттің табысы тұрақты және төлем қабілеті бар деп түсініп, ол клиентке деген сенім болады", - дейді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры.


© pixabay.com

Сондай-ақ, Нұрғалиева кредиттің төменірек пайыздық мөлшерлемемен берілуіне тағы бір себеп несие тарихының нашар болмауы керектігін айтады. Оның айтуынша, несие тарихы "таза" болса, бұл да банк тарапынан жеңілдік көрсетуге әсер етеді. Нұрғалиева несиені бір рет мерзімінен кешіктіріп төлеудің өзі несие тарихын бұзатынын ескертеді.

"Жалпы банктер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені тек бір жағдайда төмендетеді - клиенттің қауіп-қатер көрсеткіші төмендеген жағдайда. Мысалы, клиент 10 жылға несие алды делік. Ол оны 5-7 жыл уақыт ешбір кешіктірусіз төлеп келеді. Осындай жағдайда банктегілер сізге пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы ұсыныс жасауы әбден мүмкін", - дейді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры.

Ал енді басқа елдердің несие нарығына назар аударсақ. Мысалы, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Чехия, Канада және тағы бірнеше елдерде несие өте төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі екен. Бұл елдің азаматтары несиені 0,75 пайыздық мөлшерлемеден бастап көп болса 3 пайыздық мөлшерлемемен рәсімдей алады.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, ол елдердің үштігіне Швейцария, Дания және Швеция кіреді. Бұл тізімде көш бастап тұрған Швейцарияда несиелер небәрі 0,75 пайызбен беріле береді екен. Бұдан бөлек, ең қызығы, онда үкімет банктер көбірек несиелер беруі үшін тағы қосымша қаражат бөліп отырады. Ал осыдан 4-5 жыл бұрын Швейцарияда несиені 0,25 пайызбен-ақ алатын мүмкіндік болған. Дания мен Швеция елдерінде несиені 0,65 және 0,5 пайыздық мөлшерлемемен алуға болады. Айта кетейік, бұл соңғы 2-3 жылдағы көрсеткіштер.

Оқи отырыңыз:

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері

"Кредитті кредитпен жаппаңыз". Қазақстандықтардың қарыз қайтарудағы 5 қателігі

Қайтыс болған адамның несиесін кім өтейді - Заңгер түсіндіреді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети