РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 апреля 2024 | 11:24

"Қадірі қалмады". Нанды 500 теңге сату керек деген депутат өз ойын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: jambylinfo.kz Коллаж: jambylinfo.kz

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаевтың "нан бағасын 500 теңге қылу керек" дегені Желіде қызу талқыланып жатыр. Massaget.kz тілшісі депутатқа хабарласып, 500 теңге деген баға қайдан шыққанын түсіндіруді сұрады.


Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаевтың "нан бағасын 500 теңге қылу керек" дегені Желіде қызу талқыланып жатыр. Massaget.kz тілшісі депутатқа хабарласып, 500 теңге деген баға қайдан шыққанын түсіндіруді сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Өзімізде жеткілікті, бірақ неге Ресейден импорттаймыз?

Бидайға деген сұраныс жоқ. Қанша жылдан бері айтып келемін, Қазақстанда зауыт-дайындаушы кәсіпорын ашу керек. Кез келген ауыл шаруашылық тауар өндірушісі тек өндіріспен айналысу керек. Соны біз мемлекетке тапсырып, ақшамызды солардан алуымыз қажет. Мысалы былтыр СПК мекемесі қант зауытынан 4 мыңға жуық тоннаны баға тұрақты кезде сатып алды. Қымбат алды, енді бір жыл болды сата алмай отыр. Бірақ қант зауытта тұр, ақша да солардың иелігінде. Осының мысалында біздің де бидайды солай алса, уақытша өнім қажет болмаса, менде-ақ тұра берсін, ал СПК берген қаражатқа мен өндірісті ары қарай да дамыта берер едім. Мемлекетте осындай жұмыстар атқарылса дейсің, өкінішке орай біз қазір өндірген өнімімізді қайда өткізерімізді де білмейміз.

Ресейден арзан бидай келіп жатыр дейді, біріншіден оның сапасы төмен, екіншіден Ресейде агрономдар әр өндірілген өнімге субсидия алады. Ол жақта кез келген ауыл шаруашылық қожалықтарына 2-4 пайыз аралығында несие беріледі. Бізде ондай жағдай жасалмаған. Содан келіп "сенің бағаң Ресейдікімен бірдей болуы керектігін" айтады. Біз олармен қалай бәсекелесе аламыз? Себебі бізде егістікке берілетін субсидия жоқ. Тұқымға берілетін өтірік субсидиясы бар, ол тиын ғана. Мен оны алған емеспін, ала да алмайсың, болмашы нәрсе. Бізде ауыл шаруашылығына берілетін несие шамамен 16 пайыз. Оның 10 пайызын субсидиялаймыз дейді, ол бірақ барлығы бірдей субсидияланбайды. Сол себепті біздің бидайдың құны Ресейдікінен екі есе қымбат. Бірақ олардың ойынша Ресей де мен де бидайды 100 теңгеге сатуымыз керек. Жалпы алғанда біздің елдегі бидай өндірісі өз халқына жетеді, тіпті экспорттауға болады. Соған қарамастан неліктен біз басқа елден алуымыз қажет? Беларусь елі ауыл шаруашылығын қалай керемет дамытып отыр. Біздікілер кооператив ашыңдар деп енді қозғалып жатыр, ал бұл дегеніміз бұрынғы колхоз ғой сол.

Нан бағасы 500 теңге деген қайдан шықты?

Мысал келтіруден бастайын: Кеңес заманында нан 20 тиын тұратын, қазіргі заманда оның бағасы шамамен 400-500 теңге болуы керек. Сол заманда жол ақысы 5 тиын болатын, қазір 100-150 теңге. Барлығы өсіп, нан бағасы төмендеп кетті. Ол заманда нан қоқыс жәшігінде жатпайтын, дүкенде оны грамдап, кесіп сататын. 20 тиын деген құнды болатын, ал қазір 100 теңге деген ақша емес қой. Үйде нан артылса, ауыл тұрғындары итке не малға береді, ал қаладағылар оны қоқысқа тастайды. Оны дәлелдеудің қажеті жоқ, кез келген қоқыстан ашыған не көгерген нанды табуға болады. Қазір нанға деген құрмет жоқ. Қоқыста жатқанын көріп ішің ашиды. Шүкір деуіміз керек, біздің елде бір бөлке сатып алуға шамасы келмейтін отбасы жоқ.

Зейнеткер көршілерім бар, ерлі-зайыпты екеуі ғана тұрады. Екі-үш күнге деп нан алады, соның өзін ашып кеткені үшін менің итіме әкеліп береді. Біз бидайды өсіріп, ұн қылып, халыққа нан қылып беру үшін қаншама маңдай терімізді төгеміз, ал сол үшін бізге тиын төлеп жатыр. Ауыл шаруашылығы тиын тебен тауып жатса, қалай көркейеміз? Ауылды жерлерде ауыл шаруашылық тауарлары қымбат болған сайын, халықтың жағдайы жақсарады, есесіне ауыл дамыса, қала да дамиды.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети