РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 ноября 2019 | 13:01

"Қабірде ақша таратпау, кредитке ас бермеу". Ысырыпты жою туралы қаулыда не жазылған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Желіде садақаға байланысты ысырапты жою бойынша қаулы тарап жатыр. Оны Алматы облыстық мешіті қабылдаған. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов Tengrinews.kz тілшісіне мұндай қаулының не үшін қабылданғанын түсіндірді.


Желіде садақаға байланысты ысырапты жою бойынша қаулы тарап жатыр. Оны Алматы облыстық мешіті қабылдаған. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов Tengrinews.kz тілшісіне мұндай қаулының не үшін қабылданғанын түсіндірді.

Аманқұловтың айтуынша, бұл қаулы қабылданғаннан кейін діни басқарма оны халыққа мәжбүрлі түрде енгізбейді. Бұл тек үндеу ретінде қабылданған екен.

"Қаулы үндеу ретінде жарияланған. Оны біреуге мәжбүрлеп қабылдату, міндетті түрде солай жасату дегені емес. Бірақ түсіндіру істері жүргізіледі", - дейді Аманқұлов.

"Аста сағаттап сөйлемеу, аста-төк дастархан жаймау"

Қаулыға "Жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі" деген атау берілген. Ысырапты жоюға арналған қаулыда 7-тармақ бар:

1. Қабірдің басында шапан, жыртыс, шай, орамал, ақша беру қатаң тоқтатылды;

2. Марқұмға арнап аста-төк дастархан жайылмайды. Ауыз тиерлік ас тұрса жеткілікті. Мақсат - ас жеу емес, марқұмның туыстарын сабырға шақырып, көңіл айтып бару;

3. Қарызданып, қауғаланып, кредит алып дастархан жасаудың түкке пайдасы жоқ, мұндайды дініміз құптамайды. Сондықтан пайдасыз, сауапсыз нәрседен сақ болған жөн;

4. Жетісі, қырқы, жылдық асын беру әркімнің мүкіншілігіне қарай атқарылады. Барынша үйде, шағын түрде өткізу құпталады;

5. Жетісі, қырқы, жылдық асында сағаттап елді сөйлету деген даңғазалық тоқтатылды. Оның орнына тәрбиелік мәні бар уағыз-насихаттар айтылады;

6. Ас беру уақытының да нақты болғаны жөн. Мәселен 1 сағат көлемі жеткілікті;

7. Мазар салуда ысырапқа жол жоқ. Қымбат мәрмәрдан салуды дініміз бұйырмайды. Қарапайым, аты-жөні, туған жылы, кімнен естелік екендігі жазылған тақта болса, жеткілікті. Сурет салынбайды. Қорған тұрғызылмайды.  

"Ас беруге кететін 25-30 пайыз қаражат үнемделеді"

Хасан Аманқұловтың айтуынша, мұндай қаулының қабылдауына ас берудегі ысырапшылдық себеп болған.

"Марқұмның артынан ас беруде халық тым ысырапқа барып жатқаны себебінен ҚМДБ-ның облыстағы өкілдіктері жергілікті ақсақалдар алқасы, беделді азаматтар, қиялы қауыммен тағы да басқалармен келісе отырып, осындай қаулылар, үндеулер, үгіт-насихат жариялап жатқаны рас. Бұл - ҚМДБ жеке өзі емес, жергілікті халықпен бірігіп істеп жатқан дүние", - дейді ол.

Бұл бастама еліміздің түрлі өңірінде жақсы нәтиже беріп жатыр екен.

"Бұл бастама бірінші болып 2015 жылы Павлодар облысында жүзеге асырылған. Оны халық жақсы қабылдаған соң басқа облыстарда да әрекет бастылып кетті. Мысалы, Ақтөбеде, Ақмолада, Шымкентте, Семейде, Түркістан облысында бұл бастама жақсы нәтиже көрсетіп жатыр", - дейді Аманқұлов.

Айтуынша, мұны тек имамдар қабылдап жатқан жоқ, түрлі топтағы мұсылман қауым тарапынан жарияланған деп түсінген дұрыс. Мұндай қаулылар халықтың жағдайын ескеріп, шариғат негізінде қабылданады.

Оның сөзінше, бұл қаулы алдымен мешіт жанынан ашылған асханаларда жүзеге асырылады. Сол арқылы халықтың қаражаты үнемделеді екен

"Өңірлерде ас өткізуге арнайы ас мәзірі ұсынылады, артық тамақ (қымыз, шұбат, кәмпит, тәтті, жеміс-жидек, самса, торт, пирог, түрлі салаттар т.б.) қоймауға кеңес беріледі, уағыз-насихат жүргізіледі. Қазіргі таңда мешіт жанынан асхана салынып жатыр. Міне, бірінші кезекте бұл жүйе сол асханаларда жүзеге асырылады. Осы іс-шара арқылы халықтың ас беруге жұмсалатын шамамен 25-30 пайыз қаражаты үнемделеді екен", - дейді Хасан Аманқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети