РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
26 марта 2021 | 00:36

"Жын-ойнақ жасағандай көрсетудің қажеті жоқ" - Майғазиев Наурызды тойлау шығыны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәкен Майғазиев. © instagram.com/saken_maigaziyev Сәкен Майғазиев. © instagram.com/saken_maigaziyev

Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев шаһарда Наурыз мейрамына орай өткен шараларға жұмсалған қаражат төңірегіндегі дау-дамайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев шаһарда Наурыз мейрамына орай өткен шараларға жұмсалған қаражат төңірегіндегі дау-дамайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін қоғамда мерекеге бөлінген қаражат есебі күмән туғызып, Orda.kz басылымының журналисі Мият Кәшібай Facebook желісінде 40 миллион теңге жұмсалған айтыс мәселесін көтерген, кейін Zertteu Research Institute қоғамдық қоры Шымкентте Наурызға 565 миллион теңге жаратылғанын жазған. Зерттеуге қарағанда, барлығы 6 сатып алу өткен. Тапсырыс беруші - "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сүйенген қордағылар мынадай шараларға қаражат бөлінгенін жазған:

  • Шымкент қаласының мәдени нысандарын әлеуметтік желілерде тарату - 22,9 миллион теңге;
  • "Наурыз айтыс" - 40 миллион теңге;
  • "Open Art gallery" - Айқап журналының құрылғанына 110 жыл" - 50 миллион теңге;
  • "Дәстүрлі ән мен жырлар" - Дина Нұрпейсова" - 50 миллион теңге;
  • "Bala дауысы, Super Live, Жұлдызай" іс-шарасы - 80 миллион теңге;
  • "Шымкент қайырымды қала" - ұлыстың ұлы күні" - 322,2 миллион теңге.

Осылайша, Шымкентте Наурызды мерекелеуге 565,2 миллион теңге қарастырылған делінеді. Бұған қатысты желі қолданушылары сыни пікірлер айтып, пандемияда елде карантин жарияланып жатқанда қала билігінің мұндай шығыны ойға қонымсыз екенін жазған.

Алайда араға 2 күн салып, Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев баспасөз мәслихатын өткізіп, жағдайға түсінік берді. Оның айтуынша, бүгінде Шымкент - "жасыл" аймақта тұрған Қазақстандағы жалғыз қала және елдің аузында жүрген сома тек наурыз мерекесіне ғана қаралған қаржы емес.

"Ассалаумағалайкум, ардақтыларым! Естіп те, көріп те жүрмін. Бүкіл әлемнің байлығын берем десе де, қасықтап жинаған абыройымды шелектеп төгуге келіспес ем. АЛЛАh - білуші. Мерекелік мәдени іс-шаралар кеше кешкісін мәресіне жетті. Жұртты жинап алып, жын ойнақ жасағандай көрсетудің қажеті жоқ, жақсылар. Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 19 мекеме атсалысқан 100-ден аса шараға бөлінген қаражатты мен ойлап тапқан жоқпын. Қала әкімі қолдап, орынбасарлары оңтайландырып, басқарма бекітіп, мәслихат мақұлдап, жұмыла жасалған жұмыс", - деп бастады сөзін Майғазиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

"Музарт" тобының әншісінің айтуынша, 572 миллион теңге (565 миллион емес) - жыл бойы мәдени іс-шаралар өткізуге бөлінген қаржы. Соның ішінде Наурыз мерекесінде 10 күн бойы өткен 103 іс-шараға 213 миллион теңге жұмсалған.

"Наурызға қатысты іс-шаралар наурыздың соңына дейін, тіпті сәуір айына дейін жалғасады. Айтайын дегенім, 213 миллион теңгенің өзі кейбір блогерлер жазып жатқандай 5-6 іс-шараға бөлінген жоқ", - деген ол "Наурыз айтысқа" қатысты да түсінік берді.

"Наурыз айтысқа" келейік. 40 миллион теңге "Наурыз айтыс" атты үлкен жобаға бөлінген қаржы. Оның ішінде 2 ауқымды іс-шара бар. Екі күндік ақындар айтысы, ақын-жазушылардың проза және поэзия бағыттары бойынша өткен байқауы мен мүшайрасын косыңыз. Бұл қаржының ішінде жүлде қоры, қатысушылар мен қазылар алқасының гонарары, олардың келу-кету мен орналастыру, тамақтану мен транспорт өзге де көптеген шығыны бар. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бір көзден сатып алу тәртібімен өткізіліп, "Quraq group" компаниясының авторлық жобасы болғандықтан тікелей келісімшарт жасалды. Оның үстіне бұл іс-шараларды компания өз қаржысына өткізді. Біз бұл компаниямен сәуір айында есептесеміз", - дейді Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы.

Сондай-ақ, Майғазиевтің айтуынша, жиһаз өндіру - бұл компания қызметінің бір ғана бағыты. Іс жүзінде ол мәдени іс-шаралар ұйымдастырумен де айналысады.

"Соның ішінде ақындар айтысын ұйымдастыруға лицензиясы бар. Бұл компания осындай іс-шараларды ұйымдастырып жүрген белгілі продюссерлермен бірлесіп жұмыс істейді. Наурыздағы барлық іс-шараларды санитарлық талаптарды қатаң сақталды. Бір сөзбен айтқанда, бөлінген бюджет бабамнан қалған қаржы емес. Бір сөзбен айтқанда, бөлінген бюджет бабамнан қалған қаржы емес, мен басқарып отырған әсем ғимарат әкемнен қалған мұра емес. Айта кететін жайт, мәдениет саласына қала бюджетінен бөлінетін қаржы 1 пайыз да құрамайды екен. АЛЛАның алдында да, адамның (құзырлы органдар) алдында да есеп болатынын білетін жандардың санатынанмын", - деп жазды "Музарт" тобының әншісі Instagram желісіндегі парақшасында.

Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да Майғазиевтің сөзін қолдап, "дәл қазір қалада Наурызды тойлауға бір тиын ақша жұмсалмағанын" мәлімдеді. 

"Себебі бюджет осы наурыз айында бөлінді. Ол сәуір айының ортасына қарай Мәдениет басқармасының шотына аударылады. (...) Мемлекеттік бюджеттен бөлінген әр тиын әкімдіктің, депутаттардың бақылауында. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттен шыққан әр тиынның артында тексеруі бар, сұрауы бар, қорғау органдары бар. Сондықтан бұл жерде "бармақ басты, көз қысты" деудің еш қажеті жоқ. (...) Наурыз мерекесі - тек Шымкенттікі емес, бүкіл қазақ елінің брендіне айналатын, жылда тойланатын халықаралық мейрам дәрежесіне жеткізу - басты идея осы", - деді қала әкімінің орынбасары баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев былтыр желтоқсанда Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалған болатын

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети